ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

12:41, 17 маусым 2019

Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай арнайы кеш ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медициналық қызметкерлер қатысты, Аймақ басшысының орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған мамандарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Денсаулық сақтау саласында  ерен  еңбегімен көзге түскендер марапат биігінен көрінді.  Түркістан облысы әкімінің атынан үздік дәрігерлер, өз ісінің шеберлері өңіріміздегі шипажайларға  100 жолдама алады. Жауапты жүк арқалаған ақ халаттыларға  облыс әкімінің орынбасары ақжарма лебізін білдірді.

 Жолдымұрат Аманбаев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

2018 жылдың қорытындысы бойынша және 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы халық денсаулығының негізгі индикаторлары бойынша Сіздердің әрқайсыңыздың жұмыстарыңыздың арқасында Түркістан облысында оң серпін байқалады. Мемлекет қолдауының арқасында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Мереке қарсаңында Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев медицинаның ең лайықты өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Денсаулық сақтау министрлігінің медальдарын, облыс әкімінің грамоталарымен марапаттады. Бірқатар медицина қызметкерлеріне ноутбук тарту етілді.

 Мұхан Егізбаев – Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

"Мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып келетін денсаулық сақтау саласын биыл материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары күтіп тұр. Сондай-ақ, өңірдің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға күш саламыз.

Жыл басында  сала үздіктеріне байқау жарияланған болатын. Оның  қорытындысы бойынша "Үздік терапевт", "үздік хирург", "Үздік акушер - гинеколог", "Үздік педиатр", дәрігерлер анықталды. "Үздік емхана" атағын Түркістан қаласының орталық емханасы иеленді, ал Жылдың үздік ауруханасы болып Шардара ауданының орталық ауруханасы атанды.

 Жанар Оспанова - Түркістан қалалық орталық емханасының бас дәрігері

Біздің Түркістан емханасы үшін елеулі оқиға болды. Еңбегіміз еленіп ең үздік емхана атандық Бұл бір адамның емес бүкіл ұжымның еңбегі. Барша әріптестерімді айтулы күнмен құттықтаймын.

Нұрғали Молдаханов – Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Қуаныштымыз бұл жетістікке талай жылғы еңбектің арқасында қол жеткіздік. Ана мен бала өлімі көрсеткіші біршама төмендеген. Халыққа қызмет көрсету сапасын арттырдық. Осының бәрін назарға алып марапаттаған басқармаға рахмет.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Елімізге танымал эстрада жұлдыздары ән салып, мың бұралған бишілер өнерін паш етті. Осылайша медицина қызметкерлері жылына бір келетін мерекені ұйымшылдықпен атап өтті.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...