ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

12:19, 14 мамыр 2019

Сарыағаштық жеткіншектердің мерейі артты! Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғанда, Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысы өзгелерден озық шыққан оқушыларын марапаттады.

 2018-2019 оқу жылы Сарыағаш ауданының оқушылары үшін жемісті жыл болды. Олар облыс, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, білім саласы бойынша талай додадан топжарды. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

 Роза Әбуова – №76 орта мектептің мұғалімі

-Бұл іс шараның өз шәкіртерімізге үлкен әсері болады деп ойлаймыз. Себебі, олардың әрі қарай да шығармашылық дамуына үлкен әсерін тигізетіні сөзсіз. Варшавадан қайтқан шәкірттеріміз бар. Ата-аналарына алғысымды білдіремін.

Ресейде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда бірінші орын алған Томирис Қалым арнайы ұйымдастырылған шараға алғысын айтты.

Томирис Қалым – М.Окороков атындағы орта мектептің оқушысы

-Мен ата-анама, мұғаліміме рақмет айтқым келеді. Мен үлкен белестерді бағындырамын.

Білім бөлімінің басшысы дарынды оқушыларға жетістіктері үшін алғыс айтып, алда мұнан да үлкен көрсеткішке жететіндеріне сенім білдірді. Үздіктерге  алғысхаттар табыстады.

Р.Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН  ҚАПТАЛУДА
16:49, 2 маусым 2020
ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...