ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МАРАТТАЛДЫ

17:36, 14 маусым 2019

Түркістан қаласының үздік түлектері марапатталды. Қалада оқу жылын 65 түлек «Алтын белгімен», 25 бітіруші жас «Үздік аттестатпен» аяқтады. Түлектердің тебіреніске толы сәтінде қала әкімі Әліпбек Өсербаев үздік түлектерді құттықтап, жеке-жеке марапаттады. 11 жыл бойы алған білімдерінің нәтижесі қала мерейін асырған шақта сынып жетекшілері де құрмет төрінен көрінді.

Аталмыш шара тағылымы мол, жас ұрпаққа өнеге болар қойылыммен басталды. Көріністі тамашалаған қауым ұстаз мерейі мен беделін аңғарды. Қала әкімінің құттықтауы шәкірт бойына патриоттық сезім сыйлап, үлкен өмірге құлшынысын арттырды.

Әліпбек  Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Бүгінде шаһар мектептерінде жас ұрпақтың еркін білім, тәлімді тәрбие алуларына толық қолайлы жағдайлар жасалған. Нәтижесінде озат оқушылары саны артып, республикалық, халықаралық білім сайыстарында биіктен көрінуде. 100- ге жуық шәкірт үздіктер қатарында болып, медальдар мен марапатқа ие болды.

 Ақмарал Батырбекова – Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы

 Әр мектептің даңқын оның шәкірттері өсіреді. Оқушы бойына білім нәрін құрып, сапалы тәрбие берген ұстаздар да марапаттан кенде қалмады. Үздік түлектердің сынып жетекшілері алғысқа бөленді. Қуанышқа толы болған шарада түлектер енді ұлттық біраңғай тестілеуден жоғары көрсеткіш көрсетуге тырысады. Алтын белгінің жауапкершілін сезініп, абыройлы сақтап қалу маңызды деп біледі.  

Ғалымжан Бөрібай – Үздік түлек

Ақнұр Сәрсен - Үздік түлек

Бұл 2018-2019 оқу жылының білім көрсеткіші. Жылда алға жылжу бар, білім шыңын бағындыруға ниеттілер көп. Жалынды жастардың жетістігі осылайша кейінгіге үлгі.

 

Н. Мұхамеджанұлы                                                                          

 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар