ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17:19, 9 шілде 2019

Ел Президенті Қазақстанның бүгінгі алпауыт елдермен терезесі тең мемлекет болуына әркім өз үлесін қосуы қажет. Әрдайым жастардың білімді болуын алға тартып келеді. Бұл орайда жетісайлық түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткішке жетуі – сөзімізге дәлел. Аудан бойынша 30-дан астам оқушы тестілеуден 130 балл жинаған. Салтанатты шарада аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жас түлектерді құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

11 жыл білім нәрімен сусындаған оқушылар бұдан былай талапкер атанып, жоғары оқу орнына түсуге талпынады. Соның бірі – Гүлжайна Ержанқызы. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғарғы 139 балды еншіледі. Болашақта фармацевт маман болуды армандайды. Болашағынан зор үміт күтетін жас өрендердің қуанышында шек жоқ.

Гүлжайна Ержанқызы – бітіруші түлек  

- Арманым – сол салада қызмет етіп өз еліме, туған жеріме қызмет ету. Және осы жетістікке жетуіме үлкен себепкер болған адамдар ең бірінші үйдегі ата - анам одан кейін мектептегі әр дайым қолдаған ұстаздар. Бұл жетістік үлкен еңбектің, қажысмас қайраттың нәтижесі. Ең бірінші Алла одан кейін ата анам мен отбасымның қосқан  үлестері үлкен. Олар әр дайым мені қолдап отырды, әр дайым мен үшін алаңдап отырды. Олар үшін ең бірінші менің болашағым болды. Сондықтан олар менің болашағым үшін менімен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалды.

 Талапты да, талантты оқушыларды тәрбиелеп өсірген ата-аналардың да еңбегі орасан. Ұл-қыздарының жеткен жетістігіне риза болған ата-ана қуанышын жасырмады.

Құттыбек Телғозиев – ата-ана

- Оқу жылын үздік бітірген, алтын белгімен бітірген оқушыларды және олардың ата-аналарына құрмет көрсетіп отыр. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға дегендей, мектеп ұстаздары  өзінің білгенін сол балаларға бергеніне рахметімді айтамын.

 Мерекелік жиын соңында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жас талапкерлерге сәттілік тілеп, баршаға ортақ тәуелсіз елімізге адал қызмет етуге шақырды. 

Ақмарал Көпжасарова                

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...