ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

18:56, 21 қыркүйек 2020

Ежелгі Отырар шаһарының төбеде жүрігізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында XV ғасырға тән тұрғын үй мен кесене құрылысының орны анықталды. Сондай-ақ шыныдан жасалған моншақ бөліктері мен күміс теңгелер көмбесі де табылды. Қазір тұрғын үйлердің таснауа, тандыр, және жерошақ секілді жекелеген бөліктері топырақтан аршылып, Отырар халқының қазақ хандығы тұсындағы тұрмысы мен мәдениетіне сараптама жасалуда.

Екі жарым метр тереңдіктен табылған кесене  бірнеше бөлектен тұратын архитектуралық кешен іспетті. Сәулет туындысы екі қабат етіп салынған. Астыңғы бөлігінде дәліз және қабірхана. Ал оның үстінде құлшылық ету орны. Археологтар қабірхана ішінен 4 адамның сүйегін тапты. Оның үшеуі ересек, біреу бала. Төртеуінің де денесі жерге көмілмей  қамыс үстіне жатқызылған. Археологтардың таңданысын тудырған жәйт кесене шаһардың шеткері жағына емес тап орталығына салынған.  

СӘБИТ ПӘРМЕНҚҰЛОВ «ОТЫРАР» МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Біздің пайымдаумызша әрі дін өкілі немес билеушінің жақындары, әулеттері болуы мүмкін. Бұл жерде тағы бір қызықты жәйт бас сүйегінің сақталмауында. Төрт кісінің де басы кеудеден әрі жоқ болуы қызықғушылықпен қатар қиындық  туыдырып отыр.

Қазір сондай-ақ шаһардың шығыс және батыс қақпасын жалғап тұрған орталық көшенің бойында да қазба жұмыстары жалғасуда. Қос қапталындағы тұрғын үйлердің  жоғары қабаты дұрыс сақталмағанымен құдық, ас әзірлеу орындары топырақ қабатынан аршып алынды.

ҚУАНЫШ ШОҚАЕВ «ОТЫРАР» МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ

Оңтүстік батыс қақпасы ммен шығыс қақпасы арасын байланыстыратын көшені, ұстахананы, кәсіпкерлік нысандар, шеберхана орнын ашқан. Соның бойында да қалпына келтіру жүріп жатыр.

Сондай-ақ ХІ ғасырда  Отырарға билік жүргізген  Бердібек ханның сарайы да реставриялануда. Ұзын дәліз және бірнеше бөлмеден тұратын ғимарат сәулеттік нұсқасымен ерекшеленеді. Ал қазба барысында табылған қолөнер бұйымдары мен нумизматикалық заттар музей қорына табыс етілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...