ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН МЕКЕН

16:30, 16 қыркүйек 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы халықтың көңіліне тікелей жол тартты. Біраз мәселеге ден қойылды. Әсіресе, "Аңсаған сәби" жобасы көптің көңілінен шыққан секілді. Себебі, халық санын өсіру жайы жолға қойылса, басқа жұмыстар өз кезегімен бітері сөзсіз. Бәйдібек ауданында мемлекет басшысының тапсырмасы аясында белсенділер белді бекем буып жұмысқа кірісіп кетті.

Бәйдібек ауданына қарасты Ағыбет ауылдық округінде 2600-ге жуық халық тұрады. Тұрғынның басым көпшілігі мал және егін шаруашылығына бейім. 13 мың гектардан аса жерге бүгінгі таңда бидай мен арпасын, мақсарысы мен жоңышқасын егіп жер телімін мақсатты түрде пайдаланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын жағынан да, мал басы жағынан да біршама өсім бар. Президентіміздің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын негізге алып жұмыс жасайтын ауыл әкімшілігі барлық сала бойынша ілгерілушілік танытып келеді.

Әлмырза Еркебаев - Ағыбет ауылдық округтің төбе биі

Округте білім саласы бойынша 4 мектеп заман талабына сай жабдықталған. Сонымен қатар, 2 балабақша бойынша 100-ден аса бала тәрбиеленуде. 1 ауылдық емхана, 3 медициналық тірек те тұрғындар үшін қызмет көрсетуде.

Сейдалы Әмірбеков - Ауыл тұрғыны

Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда 9 көше толықтай асфальтталып, 4 көшеге тас төселген. Енді 8 көшені алдағы уақытта жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Ел мен елді байланыстыратын көпірлер де толықтай жөнделіп, ел игілігіне берілген. Алдағы уақытта, округке қарасты елді мекендерде ауыз су мәселесі де шешімін таппақ. Бүгінгі таңда сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, ауылды газдандыру ісі бойынша сметалық жобалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Көшелерді жарықтандыру да жолға қойылған.

Жасұлан Оразханұлы - Ауылдық округ әкімі

Аймақта шешімін таппай отырған интернет желісі де күні бүгінде іске асып, халықтың қуанышына айналды. Қазіргі ахуалға байланысты онлайн сабақ кестесіне дәл шешімін тапқаны жаңалық болып отыр. Әлі толықтай пайдалануға берілмесе де, ауылда интернет бар. Аз ғана жұмыстары қалды, ол алдағы күнделі толықтай шешімін таппақ.

Ә. Дәулетбекқызы                                              

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...