ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 222-ГЕ ЖЕТТІ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БЕКИ ТҮСПЕК

22:03, 15 мамыр 2019

Мәртебелі мейманмен Сенат спикері Дариға Назарбаева да кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін дамыту жайын талқылады. Грузия Премьер-министрі Мамуко Бахтадзе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы әріптестікті жандандыруға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Ал Дариға Назарбаева көлік-транзит саласында өзара тиімді жұмыс істеп, мүмкіндікті пайдалануымыз қажет деді. Өйткені екі мемлекет арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді. Грузия Премьер-министрі екі елдің жоғары оқу орындарын тығыз жұмыс істеуге шақырды. Қос тарап туристік әлеуетті дамыту жолдарын талқылап, гуманитарлық әріптестікті де назардан тыс қалдырмады. + Сондай-ақ жоғары палата спикері Кипр Сыртқы істер министрі Никосом Христодулидиспен кездесу өткізді. Онда да алыс, беріс, барыс , келіс мәселелері қаралды. Қазақстан мен Кипрдың көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерге көзқарасы жақын. Сапар аясында қол қойылған үкіметаралық құжаттар екі елдің іскерлік ортасын жақындастыруға мүмкіндік беретініне сенім мол .Сауда-экономикалық мәселелерді талқылай келе, Дариға Назарбаева Кипр тарапын біздің елде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
18:53, 26 мамыр 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
18:42, 26 мамыр 2020
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЗООБАҚТЫҢ  63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
15:23, 26 мамыр 2020
ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар