ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЮВИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫ ШИРАҚ

14:46, 13 шілде 2020

Шымкенттегі 147 мектептің алдына ювиналды полиция қызметкерлері үш ауысымды кезекшілікке тұрды. Нәтижесінде, жасөспірімдердің қатысуымен бірде бір жол көлік оқиғасы орын алмаған. Бастаманың оң нәтижесін ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев жоғары бағалап, Қазақстанның барлық өңірлеріне осы жобаны енгізуді бұйырды.

Бұл жоба еліміз бойынша алғаш рет біздің қалада қолға алынып отыр. Шаһардың  48 көше қиылыстарында тұрған тәртіп сақшылары, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсат тұтқан. Сонымен қатар, 479 бейнебақылау құрылғыларының көмегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алуға және ашуға септігін тигізуде. 2019 жылдың алты ай көлемінде адам денсаулығына орташа мен ауыр санатты 84 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 30 жол көлік оқиғалары адам өліміне әкеліп соққан. Ал, үстіміздегі жылдың алты ай көлемінде адам денсаулығына орташа мен ауыр санатты 69 жайт, оның ішінде адам өліміне әкеліп соққан 23 жайт тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қылмыс саны 18 пайызға төмендегенін көрсетеді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...