ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРАПАЙЫМ СУМЕН ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

17:34, 29 шілде 2020

Әлеуметтік желіде шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарапайым сумен жүргізіліп жатыр деген бейнеролик жарияланған болатын. Онда қала тұрғыны, блогер дизенфекциялық сұйықтықпен бетін жуып, оның ешқандай қоспасыз қара су екенін айтқан. Бейнеролик көптің қызу талқысына түсіп, халық арасында резонанс туғызды. Осыған байланысты жауапты сала мамандары мәлімдеме жасады.

Бейнежазбада көрсетілген Еңбекші ауданында әскерилер жасаған дезинфекциялық жұмыстарына сірке қышқылы қолданылған. Мамандардың айтуынша, мұның сумен араласқаннан кейін иісі болмайды, түсі де өзгермейді. Адам ағзасына кері әсері жоқ, қоршаған ортаға қауіпті емес. Бір тиімділігі бактерияларды тез арада өлтіреді. Айта кетейік, аталған сұйықтық дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген, арнайы сертификаты бар. Бірақ бейнежазба барысында бұл жөнінде әскерилер дер кезінде жауап бере алмаған.

 Ғалымжан Әбішев – Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Дезинфекциялық заттардың үш түрі болады. Дезинфекция микроорганизімдерге, дезинцекция жәндіктерге және үшінші түрі – дератизация.

Аталмыш дизенфекциялық сұйықтық Шымкент қаласындағы 1 156 аула мен халық көп шоғырланатын орындарға шашылған. Қазіргі таңда шаһарды залалсыздандыру жұмыстарына екі түрлі қоспа қолданылуда. Олар 35%-ды гипохлорид кальций және сірке қышқылы Бұл сұйықтықтардың екеуінің де тиісті сараптамалық қорытындысы бар.

 Болат Малимов - Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары

 Қазіргі таңда Шымкент қаласында індеттің өсу динамикасы төмендеуде. Бұл – атқарылып жатқан санитарлық жұмыстардың нәтижесі. Жауаптылардың айтуынша, сірке қышқылын еліміздің өзге де өңірлерінде коронавирусқа қарсы кеңінен қолданып, оң әсерін тигізуде екен.

Д.Өмірзақова                                                                                                 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...