ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

16:57, 26 наурыз 2019

Түркістанда «Ертегілер әлемі» балабақшасы ел игілігіне берілді. Қалада 2018 жылы ашылған бөбекжай, қайта жөндеуден өтіп, замануи жабдықтармен жасақталып, жаңартылған. Онда 280 бүлдіршін, 3 тілде сапалы біліммен, саналы тәрбие алады. Мектепке дейінгі мекемеде 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, оның көпшілігі жас мамандар.

 Түркістанда жалпы саны 106 балабақша бар. Оның 21-і мемлекеттік болса, қалғаны жеке-меншік. Баланы мектептің бағдарламасына дайындап, қоғамға бейімделуіне жағдай жасайтын мекемелерді 100 пайызға жеткізу көзделуде.

Ақмарал Батырбекова – Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы

Мынау 58-ші жеке меншік балабақша ғой. 6900 бала тәрбиеленеді.  280 бала қамтитын болса, 7000-ға жетеді. Елбасының тапсырмасы, мектепке дейінгі мекемелерді 100 пайызға қамту.  Түркістанда қазір 93 пайыз. 2019 жылдың аяғына дейін 100 пайыз қамтимыз

«Ертегілер әлемі» деп аталатын балабақша жас өскіндердің ой-өрісінің жан-жақты қалыптасуына және білімді болып ер жетуіне барлық жағдай жасалған. Ойын алаңына да ерекше көңіл бөлініп, балалардың спортпен айналысуына баса назар аударылыпты. 

 Мадина Мырзаханова – «Ертегілер әлемі»  балабақшасының меңгерушісі

250 орындық, замануи талаптарға сай салынған. 10 топ бар. 4-і орыс тілінде 6 қазақ тілінде. Ерекшелігі ағылшын тілін оқытуыға назар аударылады. Үш тілдік саясатқа байланысты, тәрбие процесі.

 Балабақшада 70 тен астам жұмысшы еңбек етеді. Оның басым бөлігі жас мамандар. «Жастар жылында» қолына диплом алған жастардың, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, елге адал еңбек етуіне мүмкіндік туып отыр.

 

А.Бидан                                         

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар