ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ЗАМАНУИ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

19:04, 6 қараша 2019

Төлеби ауданындағы Леңгір қаласында мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында халықаралық талаптарға сай спорт кешені салынып, ел игілігіне берілді. Кешеннің ашылуына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті жұртшылықтың бұқаралық спортқа көптеп тартылу қажеттігін айтты.

 

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  қазақстандықтарға  арнаған Жолдауында   спорт  нысандары  елге  қолжетімді болу  қажет,деп атап өткен болатын.  Осыған орай   Төлеби  ауданындағы Леңгір  қаласында  спорт  кешенін мемлекеттік- жекеменшік   әріптестік   аясында бой  түзді. Оны «Аслай»  компаниясы  салыпты. Спорттық-сауықтыру  кешенінде бір мезетте  1400-ге  жуық  жастар  футбол, волейбол,  бокс, күрес  түрлері  мен  үстел  теннисінен  кәсіби  тұрғыда  жаттығады. Түркістан  облысының  әкімі Өмірзақ  Шөкеев мұндай  спорт  кешендері  кемелді  келешек  иелері  үшін  өте  қажет  екендігін  атап өтті.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан  Облысының  Әкімі

Құрметті Төлебиліктер, спорт сүйер қауым бүгін бір өте қуанышты күн. Керемет спорт кешенінің ашылуы болды.//01:22// сіздер үшін, жастар үшін жасалып жатыр. Барлық жерлерде ашылып жатыр.//01:53//.//02:27// Адамның денсаулығында медицина 10-15 %  болса, қалғаны спорт.//02:43//

Қазіргі  таңда  бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілік  шеңберінде  өңірлерде дәл осындай   спорт  кешендері  салынып жатыр.  Осылайша  спорттық  инфрақұрылым  дамымақ. Төлебиде бой  түзеген   спорт  кешені жастар мен   жергілікті  жұртшылық  жиі  бас  қосатын  жер болмақ.  

Рақымбек Жолаев-Түркістан  облысының  адами әлеуетті  дамыту басқармасының басшысы 1387//00:13// Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жастарды қолдау қарастырылған. Мна көріп отырған ғимарат заманауи үлгіде салынған..

Біржан Жақыпов-Бокстан әлем чемпионы

Бүгін өте қуаныштымын. Үлкен спорт ғимараты ашылды. Қазақ жігіттеріне үлкен мүмкіндік. Барлығына үлкен рахмет.//00:47//

Аудан,  ауыл  жастарын  көптеп  спортқа  тартуды  қолдайтын Түркістан  облысының  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасы  басшысы Полат  Қырықбаев  алдағы  кезде  өңірімізде  бірқатар  спорт нысандары  салынатындығын  айтты. Бүгінде Төлеби  ауданында 364  спорт  нысаны  жұмыс  істеп тұр. Онда 35 мың 550 адам спортқа  тартылған.

Ұ.Байниязова


 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...