ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

16:16, 3 шілде 2020

Түркістан қаласында бірнеше автовокзал талапқа сай емес. Бұл жөнінде меншік иелеріне ескерту беріліп, жұмыстарын тоқтату жөнінде бұйрық шыққан. Дегенмен жеке кәсіпкерлер әкімдік қызметкерлеріне мұрнын шүйіре қарауда. Салдарынан заңсыз тасымал өршіп тұр. Осыған байланысты салаға жауапты мамандар жолдағы көліктерді тексеру жұмыстарын бастады.

2016 жылы «Мерей», «Алтынорда», «Түркістан орталық» автовокзалдарымен облыстық әкімдік стандарттық талаптарға сәйкестендіру туралы меморандум түзілген. Ол құжатта меншік иелері көрсетілген кемшіліктерді ретке келтіру тиіс болатын.Дегенмен ескертулердің 10 пайызы ғана орындалған. Сол себепті басқарма тарапынан №53 бұйрық негізінде бұл мекемелер 29 мамырдан бастап жұмысын тоқтатқан. Дегенмен тасымал жұмыстары  қызу жүріп жатыр.

Есенгелді Керімбеков- «Мерей» автовокзалының басшысы

Бекет деген реестрден шығарды. Хорошо. Мен стоянкамен жұмыс істеп жатырмын. Менде лицензия бар. Бессрочно. Мен не үшін тоқтатуым керек? Мына жердің налогын төлеуім керек. Оны қайдан аламын.

Түркістан Орталық» автобекеті 1974 жылы пайдалануға берілген нысан. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген секілді. Мұнда талаптардың сақталмағаны анық байқалады. Ана мен бала бөлмесі, жүргізушілердің демалыс бөлмесі мүлдем талапқа сай емес. Жүк сақтау бөлімінде қара құлып тұр. Медицина қызметкері бекет директорымен бір бөлмеде жұмыс істеп отыр.  Ал, автобекетте дүкендер мен дүңгіршектерден көз сүрінеді. Одан қалса, ақылы тұрақтағы жеңіл көліктер автобустардың кіріп-шығуына кедергі келтіреді. Соған қарамастан автовокзал басшылығы бізге шектеу қойғаны заңсыз,- деп отыр. 

Мақсат Жүсіпбаев- «Түркістан орталық» автовокзалының директоры

Бізге заңсыз шектеу қойып отыр. Бізге хаттама келді. Бірақ бізге бұйрықтың көшірмесін берген жоқ. Сондықтан оны заңсыз деп есептеймін.

Түркістанда мұнан өзге тағы 3 автовокзал бар. Ондағылар қойылған талаптарды орындап отыр. Ал, салаға жауаптылар стандарттық талаптарды орындау, барлығына міндет,-дейді.

Асан Жұмабаев- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы

 Біріншіден стандарт талаптарына сәйкес келмейді. Екіншіден Түркістан қаласы әкімінің облыс әкімдігіне жазған хаты бар. Ол жерде көлік кептелістері, қызмет көрсету талаптарға сәйкес келмейді деген талап бар. Ол екінші основания. Үшінші основания қаланың орталығы , мұнда автобустар жүреді. Соған кедергі келтіріп көлік кептелістерін тудырады.

Облыстық көліктік инспекция мамандары Жоғарыда аталған 3 автовокзалдың жұмысына шектеу қойылған соң , бекетте жолаушылар тасымалы тоқтау керек,-дейді. Сол себепті аталған нысандардан  шыққан көліктер тексерілді.

Ғалымжан Байсейітов- Түркістан облыстық Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары  Тасымалдаушыларға әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 571 бабының 2 тармағына сәйкес жауапқа тартылатын болады. Жаңағы автовокзалдар тасымалдауды жалғастыратын болса оларға соттық тәртіппен жауапкершілік қарастырылған. 463-тің бірінші тармағымен. Ол заңсыз кәсіппен айналысу деген сөз.

Тексеру барысында бірқатар көліктердің заңсыз тасымалмен айналысып жүргенінің куәсі болдық. Ал салаға жауапты мамандар, заңсыздықты тоқтатпай алған бетімізден қайтпаймыз,-деп отыр. Оған қоса 5-ші шілдеден қала аралық автобустар тоқтайды. Заңсыз жүргендер қатаң жауапқа тартылады.

Н.Кенжехан                    

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...