ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЗАУЫТТА РОБОТТАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

12:30, 7 тамыз 2019

Қазақстанда машина жасау және трансформатор шығаратын жалғыз кәсіпорын, ол Кентау трансформатор зауыты. Орта Азия бойынша алып өнідіріс орнының жұмысы жылдан-жылға дамып келеді. 1200-ден астам жұмысшы еңбек етететін кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен әріптесім Айзада Бидан танысып қайтты.

 

Кәсіпорын 1959 жылдан бері тоқтаусыз трансформатор жабдықтарын шығарып келеді. Зауыттың жаңа тарихы 1997 жылы «Алагеум электрик» холдингтік компаниясымен тікелей байланысты. Осы жылдар аралығында әлемдік деңгейдегі жаңа кәсіпорынға айналып үлгерді. Бүгінде зауыт, Орталық Азияда машина жасаудан, көшбасшы.

 АЙЗАДА БИДАН –ТІЛШІ

Зауыттың жалпы аумағы 20 гектарды құрайды. 33 учаскіден тұрады. Мұнда 1200 жұмысшы 3 аусыммен жұмыс істейді.

Кәсіпорын 5 жыл Жапон жүйесімен бақаралып келеді. Осы әдіс арқылы кадрлық саятсат орнап, шығын  көлемі 10 пайызға қысқарған. 

ХАЙРУЛЛА ҚОЖАБАЕВ – «КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Кәсіпорында жапон әдісін қолданамыз. Соның бір элементі 5 С. Соның құралы ретінде біз ұқыптылққа үйрендік. Шығын көлемін қысқарттық.

Қазақстан бойынша  шикізатсыз жалғыз өнім өндіретін  зауыт айына  2 млрд. теңгенің  өнімін өндіреді. Оның 40 пайызы шет мемлекттерге экспорталады. Яғни трансформатордың 800 ден астам түрі, Латвия, Чехия, Маңғолия, Армения , Грузия елдеріне тасымалданады. Мұнда Дүние жүзі бойынша ең озық дәрежедегі технологиялар бар. 

ХАЙРУЛЛА ҚОЖАБАЕВ- «КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Жалпы біздің зауытта, Әлемдегі ең соңғы үлгідегі технологияны қолданамыз. Бұл станок Италия мен Филиандияда шығарылған. Бұл жердегі программа бір ғана нүкте арқылы жұмыс істейді. 1 млн еуро тұрады.

Болашақта зауытта роботтар жұмыс істейді. Олар, Швеция, Швецария елдерінен сатып алынбақ.  Сапалы әрі жаңа технология арқылы алдағы 5 жылда, экспорттық әлеуетті  60 пайызға жеткізу көзделуде.

ХАЙРУЛЛА ҚОЖАБАЕВ - «КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Екі робат сатылып алынбақ. Оның жартысы мемлекеттік грантпен алынып жатыр. Біреуі сваркіге, екінші жинақтаушы. Швецария мен Швецияның компаниясынан аламыз. Дүние жүзіндегі ең мықты робаттар алынбақ. Еңбек өніміділгі артады. Сапасы мықты болады. Инженерлік мүмкіншліктеріміз жоғары болады. Биыл соны іске қосатын болсақ. Бәсекеге қабілтілігім артады. Бағасы түседі. Экспорттық мүмкіншілігімз артады.

АЙЗАДА БИДАН –ТІЛШІ 

А. Бидан                                                          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...