ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

19:31, 3 қаңтар 2019

Жаңа жылдан бастап өскен зейнетақыларын алуға асыққандар көп. Бір бөлігі банк бөлімшелерін жағалап жүр. Төлем ертерек түссе деген тілектерін де жасырмайды. Ал мамандар бұл жолғы төлемнің не үшін кешіктірілгенін түсіндіріп әлек.

Жаңа жылдың жаңа бағамдары ел еңсесін көтерді. Әсіресе, зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері өскенін естігендер, қолдарына қаржысын алғанша асық. Банк бөлімшелеріне келіп, аударымын тексеріп жүргендері де бар.

Мереке Мұқанов – зейнеткер

31-не аударып қоймайды ма? Маңдай терімізбен атпқан ақшамызды өстіп берген қалай өзі. Күн көрісіміз осы. жастарымыз жүр кредит алып өтей алмай.Есесіне коммуналдық төлемдер де қымбат...

Жауаптылар мерекелік демалыс, төлемдердің түсуін кешуілдеткенін жасырмайды. 3 қаңтардан бастап берілетінін де айтты. Зейнетақы төлемдері 7 пайызға өскенін жеткізді. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 36 108 теңге болды. Базалық зейнетақының мөлшері - 16 037 теңгеге дейін жоғарылапты.

Несібелі Қаражанова – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары

Жаңа жылдан бастап, АЕК-тің артуына байланысты бірінші, екінші, үшінші балаға 95 950 теңге төленеді. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға -159 075 теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Бала бір жасқа толғанға дейінгі төлем мөлшері де өсті. Бірінші балаға 14 544 теңге беріледі. Екінші балаға 17 196 теңге, Үшінші балаға 19 822 теңге төленсе, төртінші және одан кейінгі балаларға 22 473 теңге ай сайын түсіп тұрады. Мүгедек баланы күтушілер мен қамқоршыларға берілетін жәрдемақылардың тағайындалуы мен арттырылуы 1,05 АЕК мөлшерінен алынып, 31 183 теңгені құрады.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ    

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:38, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
17:56, 21 қазан 2019
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...