ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

17:52, 29 қыркүйек 2020

Кентаулық Ұғылпатша Қаһарова бүгінде мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Жылқы бордақылаумен айналысатын жалғызбасты ана осы кәсіптің арқасында жан бағып жүр. Кәсіпкердің мақсаты қораларын кеңейтіп, мал басын көбейту. Тіпті осы үшін үлкен ұлы ветеринар мамандығын оқып, қазіргі таңда, анасына қолғабыс етуде.

Жүйнек ауылдық округінде тұратын шаруа ана ең алдымен, өз қаржысына 6 жылқы алып, кәсібін бастаған. Тынымсыз еңбек пен төгілген тердің арқасында бүгінде жеті қазынаның бірі болып саналатын жылқы малының санын 40-қа дейін көбейткен. Қазіргі таңда бір жылқыдан 250-340 кг аралығына дейін ет алатын көрінеді.

Ұғылпатша Қаһарова – жеке кәсіпкер

2015 жылы 6 жылқы алып бастағанбыз. Бүгінде 40 бас жылқыныбордақылапжатырмыз.  Ұлым- ветеринар. Жылқылардыңденсаулығынбақылапотырады. Ал мынажылқылардыҚостанайданжақындаалыпкелдік.  Еттіарнайыкелісімшартқаотырғанадамдарғаөткіземіз.

Жылқы етіне сұраныс көп екендігін алға тартқан кәсіпкер, қазіргі уақытта  өз қаламыз бен ауылдардан артылып жатқан жоқ,- дейді. Жалғыз басты ананың алдына қойған жоспары көп. Бүгінде қораларын ұлғайтып, жылқы санын 100 ге жеткізуді мақсат етіп отыр. Одан бөлек, қымыз өндіруді де қолға алмақ.

Айдана Қуанышқызы                                                         

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...