ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТІ УАҚЫТЫНДА АЯҚТАЙДЫ

17:08, 18 шілде 2019

Бүгін Арыс қаласына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов арнайы келді. Облысқа тиесілі 3-сектордың құрылыс жұмыстарын бағамдап, тұрғындармен кездесті. Сапар аясында «Жөндеу жұмыстарын уақытында тапсыруға міндеттіміз» - деген облыс басшысы құрылысқа қажеттінің бәрі жеткілікті екенін айтты. Апат орын алған күннен бастап арыстықтарға алғашқылардың бірі болып қол ұшын созған жамбылдықтар, жүктелген міндетті уақытында аяқтаймыз,- деп отыр.

Арысқа арнайы келген  Асқар Мырзахметов ең әуелі  тұрғындармен кездесті. Ұсыныс – тілектерін тыңдап, өтінішін айтқан ағайынның үйіне арнайы барды. Жағдайды көзбен көріп, танысты. Жауапты сала мамандарына тиісті тапсырма берді. Ал, тұрғындар атқарылып жатқан іске  рахмет айтты.   

 Рахым Бейбітхан – Арыс қаласының тұрғыны

Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үйлер мен 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бар. Қазіргі таңда жағдайды қалпына келтіру үшін жамбылдық 4 құрылыс компаниясы күш біріктірген. 450-ден аса құрылысшы мен 21 теxника жұмылдырылған. Олар 242 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде.  Тұрғын үйі сүріліп, іргетасы қаланып жатқан үйдің бірі Жүсіп қожа көшесінде. Қолдау көрсеткен ел азаматтарына үй иесінің айтар алғысы шексіз.

Қарлығаш Байегізова – Арыс қаласының тұрғыны

Мұнда қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Мердігер компаниялардың барлығы жұмыс күші жеткілікті екенін айтады. Барлық нысанды уақылы сапалы етіп тапсыру үшін қарқынды жұмыс жүргізілуде.

 

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы  - тілші

 

 

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...