ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАН АЗЫҒЫ ҮШІН КІТАПХАНА САЛҒАН ОТБАСЫ

14:07, 14 қаңтар 2020

Түркістан облысының Жолбасшы ауылында бала-шағасымен жабылып жүріп өз қаржысына кітапхана салған қарапайым отбасы тұрады. Материалдық құндылықтан гөрі рухани жан азықты артық көретін жанұя ғимарат қана соғып қойған жоқ қиын-қыстау кезеңде қолда бар кітап қорын да шашау шығармай сақтап қалған. Бүгінде жалғыз «Жолбасшы» ғана емес төңірегіндегі бірнеше елді мекеннің жұрты сол жерде кітап оқып, жан дүниесін байытып келеді.

«Жолбасшыда»  кітапхана атауы болғанымен оның жеке дара отауы болған емес. Алғашында клубтың бір бұрышын паналады. Одан мектептің тар бөлмесіне жайғасты. Гүлбаланың кітаптарға жаны ашитын. Көшкен сайын жыртылып бүлініп барады. Отбасындағы 5 ұл-қыз жетіліп қалған. Алды студент. Бірді бірге әрең жалға отырса да күйеуі Нұржанмен ақылдаса келіп, тәуекелге бел байлады.

ГҮЛБАЛА СӘРСЕНОВА КІТАПХАНАШЫ

Ойланбастан көзімді жұмдым да несие алдым. Жолдасым құрылысшы. Құрылысқа беретін қаржыны үнемдедік. Тек қана құрылыс материалдарын сатып алдық. Кейбіреулер мұнан гөрі өздеріңе времянка салып алмайсыңдар ма деген табылды. Оған мойымадық. Өйткені халық рухани бай болуы керек.

Ауыл кітапханасының бүгінде 700-дей тұрақты оқырманы бар. Жылына кітап іздеп 9 мыңдай адам  келеді.

ҒАНИ ҚАЛМАХАНОВ ТІЛШІ

Алақандай ауылдың рухани ордасына айналған  кітапханада 7 мыңнан астам кітап қоры бар. Мұннан қазақ әдебиеті, тарихы және ғылымның түрлі саласына қатысты еңбектерден бастап, әлемннің классиу жазушыларының еңбегін де таба аласыз.

Мамалакат апа  кітапхананың тұрақты әрі ең жасы үлкен оқырманы. Биыл жасы 82-ге келді. Мұғалім болып, бала оқытқан жан  әлі күнге үзбей  кітап оқиды. Көрші ауылдан арнайы келіп, оқығысы келген шығараларын жаздырып алып кетеді. 

МАМЛАКАТ СЛАМОВА ОҚЫРМАН

Кітап адам өмірінің өзегі ғой. Не үйренсең де кітаптан табасың. Айына 2-3 рет келемін. Өйткені келгім кеп тұрады. Көрші ауылдан жаяу келемін. Білім үшін адамның аянбағаны жөн ғой.

Гүлбаланың мамандығы  тарих пәнінің  мұғалімі.  Алғашында  оқытушы болғаны бар. Кейіннен де басшылар бірнеше мәрте ұстаздық етуге шақырды. Бармады. Мектептегі қоңырау үні қанша еліктіргенімен кітапхана ісіне деген іңкәрлік  бәрін жеңіп кетті.

ГҮЛБАЛА СӘРСЕНОВА КІТАПХАНАШЫ

Кемеңгержазушылардан кешірім сұрайтынмын. Сіздер мені көрмесеңіздер де еститін шығарсыздар. Мен сіздерді қапшыққа салып жатқаныммен сәлден соң жарқыратып қоямын деп. Сол уәдеме жеттім. Оны ойласым көзіме жас келеді. Мақтанамын. Мәртебе деп білемін.

Ауыл кітапханасы бүгінде көптеген мәдени шараның ұйытқысы. «Ханбибі» деп аталатын әжелер тобы жастарға салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты үйретіп, бойларына сіңіріп келеді. Ауылдың алты ауызына бергісіз өнерлі қарттар  бірігіп ән де айтады.

Күн дидарлы Қазақстан


 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар