ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

17:37, 30 қараша 2020

Шымкентте тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту мақсатында жаңадан 590 автобус әкелінді. Жолаушыларды тасымалдауда барлық жағдай жасалған қоғамдық көлік, жоғары сапа стандартына сәйкестендірілген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа автобустарды көру үшін «T-bus» автопаркіне арнайы барды.

Барлық су жаңа автобустар бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондар сынды  жаңа технологиялармен  жабдықталған. Сонымен қатар, пандус пен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған.1 желтоқсаннан бастап 150 автобус қаланың шалғай аудандарын орталықпен байланыстыратын №103, 27, 35, 84, 135, 92, 74 және 12 маршруттарында қызмет көрсетеді. Айта кетейік, шаһарда жолаушыларды тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде қала әкімдігі тарапынан былтыр 300 автобус сатып алынған. Қазіргі таңда бұл автобустар халықтың игілігіне қызмет көрсетуде.

НазкенCкандар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар