ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЖАҢА ӘДІС МОЛ ӨНІМГЕ ЖОЛ АШТЫ

13:18, 13 тамыз 2019

Шардара ауданы биыл мақта өнімін екі есе мол алуды жоспарлап отыр. Жаушықұм ауылдық округіне қарасты «Иіржарагро» шаруақожалығы 350 гектар жерге мақтаның жергілікті сортын еккен. Сонымен қатар, шаруа қожалығы алқапты тамшылатып суғару әдісін де қолға алған. Оңтайлы іске көшкен «Иіржарлықтар» былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өнімді мол жинайтынына сенімді.

Мына американдық трактордың егін басында атқаратын жұмысы маңызды. Ол мақтаның өсуіне кедергі келтіретін арам шөпке тосқауыл болатын  дәрі шашады. «Иіржар агро» шаруақожалығы алғашқы жұмысын  2015 жылы осы Жаушықұм ауылында   бастаған. Алғашқыда    «хинлужонг» қытай мақтасымен жергілікті 47-27 дәнін екті. Соңғы екі жылда «Элита мақтарал 40-11» деп аталатын жергілікті мақта  сортын   егумен айналысты. «Бұл отандық өнімге қызығушылар өте көп. Өйткені,  бұл сорт мақтаның басқа түріне қарағанда, дәнді көп салады»,-дейді шаруалар.  

Оразбек Есебаев «Иіржарагро» шаруа қожалығының бас инженері

Бұл шаруашыққа 500 гектар жер аумағы тиесілі. Оның 350 гектар жеріне мақта, ал    қалған 150 гектарға бау-бақша өнімдері егілген.  Жақсы күтімнің арқасында өнімдер    жайқалып тұр. 

Нұрбақыт Нұрсейтов - Жаушықұм ауылдық округінің әкімі

 Жайқалған өнім- үлкен еңбектің арқасында келген шаруа. Енді диқандар тамыз айының соңғы он күндігінен бастап     өнімдерін  жинауға кіріспек.   

М. Жарылқасын 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...