ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫ ТҮРКІСТАНДА КЕСІЛДІ

18:51, 14 қыркүйек 2018

Әр жылдың күзінде телеарнамыз көрермендерін жаңа маусымдағы жаңа бағдарламаларымен қуантады. Байтағымыздың бас арнасы – «Қазақстан» Ұлттық арнасының құрамындағы «Оңтүстік» арнасы биылғы маусымға да үлкен дайындықпен келді. Бұл жолғы ерекшелік маусымашар кеш - Түркістан қаласында өтті. Патша көңілді көрермен арнамыздан қандай хабарлар көре алады?

Қазақстан ТРК құрамында 4 телеарна мен 14 облыстық филиал жұмыс істейді. Радиосы тағы бар.Ұлттық арна соңғы жылдары халықтың тарапынан қолдау тапқан мегажобаларды қолға алып келеді.  «Мен қазақпын»  «Шаңырақ», «Қызық екен», «Дара жол», «Қарекет» «Мәселе» бағдарламаларын көрермендер үзбей көреді. Биыл да осы үрдіс жалғасын табады. Биылғы маусымда Қазақстан ұлттық арнасы мен филиалдарында 100 жаңа бағдарлама көрерменге жол тартпақ. 

Серік Егізбаев – «Қазақстан» РТРК» АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары

Өткен жылы біз латын графикасына алғаш болып өттік. Петропавл телеарнасы Қызылжар болып өзгерді. Өскемен Алтай Павлодар Ертіс Орал Ақжайық болып өзгерді. 

Оңтүстік арнасы – облысымыздағы өзіндік орны бар телеарна. Мемлекеттік саясатты насихаттаумен қатар, ұлттық құндылықтар баса мән беретін шығармашылық ұжымның атқарып отырған жұмысы қашан да халықтың назарында.

Ұласбек Сәдібеков – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Көрсетіліп жатқан дүниелердің барлығына сараптама жасау, мінекей бүгінде атқарылып жатқан жұұмыстардың жемісі. Дәл бүгінгі таңда Қазақстан ТРК мемелекетіміздегі медиа саласында үлкен айшықты өзінің орны бар. Өңірлерде қалыптасқан үлкен кәсіби филиалдар жұмыс жасап жатыр деп айтуға болады.

Маусымашарға арнайы шақыртылған өңіріміздің зиялы қауымы теларнаның түлеп, дамуы мен түрленуі жолдарын атап көрсетті. Облыстың қоғамдық саяси және  әлеуметтік өміріндегі маңызы мен мәні тоқталды. 

Байдулла Қонысбеков - ҚР Құрметті журналисі

1990 жылдың 5-қарашасында тұңғыш рет Шымкенттен сөйлеп тұрмыз деген телеарна дүниеге келген еді. 28 жыл бойы бұл телеарна Оңтүстік Қазақстан облысының айнасына айналды.

Оңтүстік телеарнасы жаңа маусымда көрерменге жаңа 6 хабар ұсынбақ. «Сазқоңыр», «Еңбек адамы»,  «Көзайым», «Эконом - инфо», «Білімділер алаңы», «Түркістан тынысы» хабарлары өз көрермендерін табарына сенім мол.

 

Фарида Қожабай – Түркістан қаласының тұрғыны

Әрине Оңтүстік телеарнасында түрлі бағдарламалар бар.Таң аитпай таң азаннан таңғы бағдарлама бар. Кешкі жаңалықтар өте сапалы дәрежеде көрсетіледі. Жастарға қажет әлемге әйгілі фильмдер мен сериалдар көрсетілсе деген ойдамын.

 «Оңтүстіктің» телеөнімі - 90 пайыз мемлекеттік тілде. 9 пайыз орыс және өзбек тілдерінде ақпарат таратады.  Тәулігіне 18 сағат тоқтаусыз жұмыс істейді. Телебағдарламалардың 80 пайызы өз өнімі. Бұл көрсеткіш бойынша арнамыз республикадағы  филиалдар арасында көш басында.

Нұрмахан Кенжехан – тілші

28 жылдан бері тікелей эфирде түрлі түсті форматта хабар таратып келе жатқан Оңтүстік телеарнасы жаңғырып, жаңару үстінде. Эфир таратылымының да көкжиегі кеңейіп, көрермені көбейіп жатыр. Біздің арнаны Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 3 млн тұрғыны тамашалай алады. Тіпті отау ТВ жерсеріктік телеарнасы арқылы Бүкіл қазақстан халқы көруіне мүмкіндік бар. Ғаламтор желісінде әлеуметтік желілерде таба  аласыз. Ендеше үйлеріңіздің төрінде Оңтүстік телеарнасы қосулы болсын.

Жуырда арнаның Түркістан қаласынан тілшілер қосыны ашылды. Енді «Оңтүстік» ұжымы облыс жаңалықтарын Түркістан қаласынан да тікелей эфирде тарататын болады. 

Нұрмахан КЕНЖЕХАН

Тақырып бойынша материалдар

 «АБЫЛАЙДЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ –  ТҮРКІСТАНДА!
18:14, 24 қыркүйек 2018
«АБЫЛАЙДЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАНДА!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
12:40, 18 қыркүйек 2018
«НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
Толығырақ...