ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

13:17, 13 тамыз 2019

Түлкібаста жаңа мешіт ашылды. “Қыдырбай ата” есімін иеленген имандылық үйінің сыйымдылығы 550 адам. Алла үйінің ашылу салтанатына алысты – жақыннан келген қонақтар аз болмады. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бөлім меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Бас Мүфтидің арнайы құттықтауын ала келді.

Имандылық үйінің  бой көтеруіне  елге белгі меценат Қайрат Айтбай ұйытқы болды. Кәсіпкерлерді жұмылып, “Уақып” қорының қаржыландыруымен бас-аяғы бір жылда құрылысы аяқталды.

Марат Жанесен – Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары

Қайырын бүтін қылып, жаңадан тағайындалған мешіт имамы Ержан Шопановқа қызметтік үй де қатар берілді. Сондай-ақ, келешекте бастырма мен 200 адамға арналған асхана салынатынын айтты. Игілікті іске жергілікті тұрғындар разы.

Жұмабай Қайранбаев – Түлкібас ауданының тұрғыны

 Мешіттің тұсаукесеріне Түлкібастың тумалары Дархан Мыңбай, Дихан Хамзабекұлы арнайы қатысты. Туған жердің ұлы тұлғалары бас қосқан жиында Мархабат Байғұт, Мұсабек Ақтамберді сөз сөйлеп, елді ізгілікке шақырды. Құрметті қонақтардың қатарында Зейнеп Ахметова,   Нұрлан Өнербаев сынды танымал тұлғалар да болды.  

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...