ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАҢА МИНИСТР ЖАЛАҚЫНЫҢ АЗДЫҒЫН АЙТТЫ

20:23, 18 ақпан 2019

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы өзге құқық қорғау органдарымен салыстырғанда 10 пайыздан 50 пайызға дейін төмен. Жақында тағайындалған еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев қарамағындағы қызметкерлердің айлығы төмен екенін айтты.

  Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында бүгін ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесі қаралды. Министр 10 жылға дейін еңбек өтілі бар полиция сержантының орташа жалақысы 84 мың, ал лейтенант, майор шеніндегі қызметкерлерді жалақысы 110 мыңнан 147 мың теңге аралығында екенін айтты.  Ал басқа күш құрылымдарында жалақы айтарлықтай жоғары көрінеді. Мысалы, орталық аппарат деңгейінде прокуратура қызметкерлерінің жалақысы ішкі істер министрлігімен салыстырғанда 47 пайызға көп. Осындай себептермен ішкі істер органдарынан өз еркімен кететіндер саны күрт артқан. Ішкі істер органдары қызметкерлернің баспана мәселесі де өзекті. Қазіргі уақытта 35 мың қызметкер үй кезегінде тұр. Ал коммуналдық қызметтер мен үйді ұстап тұруға 3700 теңгедей ғана төленеді екен. Министр бұл көмек мөлшерін 20-30 мыңға дейін өсіріп, одан кейін жыл сайын инфляция деңгейінде арттырып отыруды сұрады.  

 

 ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ

Екінші жартыжылдықта реформа аясында қызметкерлердің жалақысыны ішкі резервтер есебінен өсіруді жоспарладық. Бұл жеке құрамды 10 пайызға азайту мен республикалық бюджеттен бөлінетін 20 млрд тг қаржыға жүзеге асады. Ең алдымен патрульді полиция қызметкерерінің жалақысын 65 пайызға өсіреміз. Себебі олардың жалақысы қазір ең төмен болып саналады.

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...