ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАҢА ӨМІР БАСТАУҒА МҮМКІНДІК

11:31, 15 наурыз 2019

Пробация - шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетеді. Түркістанда пробация есебінде 210 азамат тіркеуде тұр. Бүгінде оның 87-сі өздігінен жұмысқа орналасқан болса, 98-і аталған қызметтің негізінде еңбек етеді. Әзірге қалған 25- жазасын өтеушіге жұмыс табылмай тұр. Енді оларды Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарына тарту көзделуде.

Пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» деген мағынан білдіреді. Яғни бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босаған сотталушыны бақылап, тексереді. Қоғамға бейімдеп, еркін өмір сүруіне, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектеді. Түркістанда басталған пробация іс-шарасы, наурыздың 17-не дейін жалғасады. Қызметкерлер есепте тұрғын азаматтардың үйлерін аралап, қазіргі жағдайымен танысады.

Нұрбол Мамырханов – Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығы

Егер де осы пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұратын мекен-жайын тексеру барысында қандай-да көмек керек болатын болса, ҚР заңына байланысты көмек көрсетіледі.  

Аяғын шалыс басып, түрмеге тоғытылып, шартты мерзімінен басатылғанның бірі Есей Өтегенов. Көп баланың әкесі бүгінде аула сыпырушы болып еңбек етеді. Адал жолмен тапқан табысын, үйіне алып барады. 

Есей Өтегенов – Түркістан қаласының тұрғыны

Қазір түзу жолға тұрып, пробация мекемесіне келдім. Жұмыс істеп, осы жұмыспен бала-шағамызды бағып жатырмыз. 

Пробация есебінде тұрған азаматтар бір нәрсені ұмытпағаны жөн.  Бостандықта жүргенін пайдаланып, қылымысқа я тәртіп бұзушылыққа қайта барып, пробациялық бақылаудан жасырынса...  шартты түрде соттаудың күші жойылады. Сөйтіп  темір-торға, қайта жіберілуі  мүмкін.

А. Бидан                                     

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
20:21, 24 мамыр 2019
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...