ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЖАҢА ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТУДЕ

18:07, 5 қыркүйек 2019

Түркістан облысының 300 оқытушысы Кентау қаласында арнайы курстан өтіп біліктіліктерін арттыруда. Олар биыл оқу бағдарламасына жаңадан енгізілген пәннің ұстаздары. Оларға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тренерлері дәріс оқуда. Тамыздың 19-басталған курс қыркүйек айының 13-не дейін жалғасады.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған курста негізінен ұстаздарға 10-11 сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша бағдар берілді. Еліміздің білім және ғылым министрлігі бекіткен талап бойынша 5 тренер ұстаздарды 5 топқа бөліп дәріс оқыды. Онда білікті мамандардар жаңа сабақ кезінде оқытушылар шәкірттерге қалай жөн сілтеуі керек екенін айтып, бұл дәрістің оқушылар үшін қандай маңызға ие екенін түсіндірді.

 Шыңғыс Молжігітов – «Атамекен» ҰКП тренері

Бұл енді міндетті түрде бітірушілердің барлығы бизнеспен айналысып кетуі керек деген сөз емес. Осының негізі, қандай мүмкіндіктері бар екенін, солардың мақсаттарын түсіндіру негізгі мақсат.  

Түлкібастық Шәрбану Дәулетованың ұстаздық еткеніне 20 жылдан асқан. Ол бұған дейін оқушыларды еңбекке баулып жаңа технологиялардың тілін үйрететін. Енді «Бизнес негіздерін» оқытпақ. Сол үшін арнайы тренерлерден дәріс алып, жаңа пәннің мазмұнын ұғынды. Бір аптадан бері биыл енгізілген сабақтың жаңашылдығымен танысқан мұғалім бұйыртса жақсы жетістіктерге жетеміз деп отыр.

Шәрбану Дәулетова -  Т. Рысқұлов атындағы ЖОМ мектептің мұғалімі /Түлкібас ауданы/

5 тренер бізге керемет сабақтар өтті. Бізді керемет дайындады. Бұл сабақ бізге өте қажет деп ойлаймын. Мына сабақты біз балаларымызға игертсек олардан жақсы бизнесмендер шығады деп ойлаймын. Негізінде мен бұл курсқа келмей тұрып та өзімнің сабағымда балаларға бизнес жайында мағлұмат беретінмін.

Негізінде жаңа пәндер бойынша педагогтардың  біліктілігін арттыру жұмыстары еліміздің барлық аумағында жүзеге асып жатыр. Ал ол істі Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасымен білім-және  ғылым министрлігі бірлесіп атқаруда.

М. Жарылқасын                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...