ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР АЛЫНДЫ

13:22, 13 маусым 2018

Төлеби ауданының коммуналдық шаруашылық саласы... жаңа техникалармен толықты. Бұл - көктемі жауын-шашынды.., қар қалың түсетін таулы аймақ үшін... таптырмас көліктер. Сала мамандары елдімекендердің қарым-қатынасы жақсарып, өздерінің жұмыс жүктемесі азаятынына қуанады.

Таулы аймақта табиғаттың тосын мінезіне төтеп беретін техникалар  тапшы еді. Өткен жылы ауданда небары 115 шақырым канал тазаланған. Биылғы 5 айда 160 шақырым су жолы аршылды. Аудан бойынша  2500 текше метр судың көзі бар. Сондықтан, жаңбырлы кезде судың көбеюіне байланысты  4 суқоймасы іске қосылуда.

Бұхарбай Парманов – Төлеби ауданының әкімі

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, біздің Төлеби ауданы бірінші кезекте тасқынсудың алдын алу үшін жұмыстар жасаудамыз. Жаңа техникалар алып келдік. Сол тасқын суларды егіске пайдалану үшін су қоймаларын салу жөнінде жұмыстар жұргізілуде.

Заман талабына сай мына экскаваторлар  жолдарды кеңейтіп, қалпына келтіреді. Техника тілін түсініп үлгергендер... бұл көліктердің қызметіне риза. Біраз шаруаны икемдейді, - деп қуануда.  

Арман Көпжасаров -  «Жарық жол» МКМ бас инженері

Менің артымда гусенечный экскаваторлар, бұрын соңды ауданымызда болмаған. Бұлардың жұмысы аудандағы маңызы бар жолдарды кеңейту, сонымен қатар, суға қатысты мекемелерге де тигізер пайдасы мол, каналдарды кеңейтеді. Оған ауданымызда техникаларға 229 млн теңге бөлінген.

Жасар Нысанбаев -  Төлеби аудандық «Су шаруашылығы» МКК  директоры

Біздің аудан таулы аймақ болғандықтан ерте көктемде, су тасқындары, күзде жаңбұрлардың кесірінен ауылдардағы үйлерге су кіріп кетеді. Соны тоқтату үшін осындай техникалар алынды. Осы техникалардың көмегімен каналдар салып, оларды тазалауға мүмкіндік молайды.

Аудан бойынша қазір жолдарды қалпына келтіру, қаналдар салып, оларды тазалау жұмысы қызған. Мұндайда пайдаға жарайтын барлық техника тоқтаусыз жұмыс істеуде. Енді аудандағы сала мамандары шеттен техникаларды жалға алып, әуре болмайды.

Арайлым БАЙЗАХОВА

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
20:44, 19 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТЫРАР  ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ  ТАМСАНДЫРДЫ
13:29, 15 қазан 2018
ОТЫРАР ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ
Толығырақ...