ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Жаңа технология әлеуметтік мәселеге оң ықпал етуі тис

17:34, 12 қазан 2017

Отырарға қарасты Көксарай ауылдық округінде аудан әкімі арнайы қоғамдық қабылдау өткізді. Жиынға «Заречное» бірлескен кәсіпорны басшылары да арнайы қатысты.

           Жиында негізінен аталған мекеменің жұмысы мен қоршаған ортаға тигізер әсері айтылды. Радиациялық қауіпсіздігі жөнінде әңгіме қозғалды.  Сондай-ақ, экологиялық таза, өндірістік қалдығы аз жаңа технологиялық әдістермен таныстырды. Бұл күні ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде басқарма басшысы арнайы хабарлама жасады. Жиында сөз алған жергілікті халық билік басындағылар мен сала мамандарына арнайы сауалдарын жолдап тұшымды жауаптарын алды. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелер мен жұмыспен қамту, субсидия алу жөніндегі тақырыптар терең қаузалды. Өз кезегінде Ерлан Айтаханов жергілікті тұрғындарға осы маңдағы кәсіпорындардың ауданның экономикалық-әлеуметтік әлеуетін арттыруға пайдасы мол екенін ерекше айтты. «Заречное» кәсіпорнының басшыларына нақты тапсырма берді. Көксарай және Темір ауылдарында әлеуметтік нысандар салуға қол ұшын беруге шақырды. Және жұмысқа ауыл жастарын көбірек тартып, қажет мамандықтар бойынша білім алушыларды тегін оқытуды қолға алу керектігін алға тартты. Осы жөніндегі қандай-да бір хабарламалар жергілікті басылымдарда жарияланып тұруы қажет екенін екшеді.

КОММ: ЕРЛАН АЙТАХАНОВ – ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

  • Отырар алқабы және Оңтүстік Қазақстан газеттеріне жарияланып тұрады. Сіздер сол газеттерді алып отырыңыздар. Әр үш ай сайын мәселе көтерілсін, көтерілмесін осы жерде бас қосып, мәселелерді талқылап отырыңыздар. Біреу баласын жұмысқа тұрғыза алмай жүрген шығар.. біреуге тағысын тағы деген сияқты.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
17:27, 16 желтоқсан 2017
Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
Толығырақ...
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
17:26, 16 желтоқсан 2017
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
Толығырақ...
Саябақ ашылып, мөлтекаудан  бой тіктеді
17:23, 16 желтоқсан 2017
Саябақ ашылып, мөлтекаудан бой тіктеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...