ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ЖАҢА ТҮРКІСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

13:42, 11 қазан 2018

Елбасымыз Түркістан облысына жасаған ресми сапарында бірнеше отандық компанияға Түркістан қаласындағы әкімшілік орталықта ғимараттар салуды тапсырған болатын. Осыған орай өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерімен кездесті. «BI Group» компаниясы рухани астананы дамытуда өз үлестерін қосуға ниет білдіріп, 50 мың шаршы метрді құрайтын бизнес орталықтың жобасын ұсынды.

Бұл орталықта офистік бөлмелер, мәжіліс залдары және жерасты автотұрақ орналасатын болады. Ал, «Саутс-Ойл» компаниясы 120 бөлмелік 5 жұлдызды қонақ үйдің сәулет жоспарлау эскиздерін таныстырды. Қонақ үй бөлмелері стандартты, люкс орындарынан бастап, ең жоғарғы үлгіде жабдықталған жайлы бөлмелермен, мейрамхана және концерт залымен қамтылмақ. Ғимараттардың жобаларымен танысқан облыс басшысы инвесторларға эскиздік жұмыстарды жетілдіріп, құрылысты уақытылы бастау қажеттігін жеткізді.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

- Әкімшілік іскерлік орталықта жаңа облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер және конгресс орталық пен «Риксос» қонақ үйі ғимараттарының құрылысы қатар жүретін болады. Жұмысшылар 3 ауысыммен жұмыс істейді. Барлық ғимараттардың жоспарын толық әзірлеп, қазірден құрылысты бастау керек.

 «BI Group» компаниясының өкілдері жаңа әкімшілік іскерлік орталықта облыстық әкімдік пен аумақтық мекемелер ғимараттарының, сондай-ақ, Конгресс орталықтың құрылысын жүргізеді. Орталықта форум, саммит, концерт залдары бой тіктейді. Компания мамандарының айтуынша, жобаның құрылысы басталса, барлық нысандар бір жарым жылдың ішінде толық аяқталмақ.

Темірлан Зиналабдин  -  «BI Group» компаниясының бизнесті дамыту бойынша атқарушы директоры

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев инвестициялық жобаларды іске асыруға инвесторлар мен әкімдік арасында бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылатын болады.

 

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА       

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АЙЖІГІТ АСАНОВ  «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
15:29, 14 желтоқсан 2018
АЙЖІГІТ АСАНОВ «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...
 ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ
12:54, 14 желтоқсан 2018
ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕМІРЛАНДА  «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ АРТТЫ
12:29, 11 желтоқсан 2018
ТЕМІРЛАНДА «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ АРТТЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ
18:26, 10 желтоқсан 2018
ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...