ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІНДЕ ШЫМКЕНТТЕ 60 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

12:07, 3 қаңтар 2019

Бүгінде Қазақстандағы әрбір төртінші сәби Оңтүстік өңірінде дүниеге келеді. Биылғы жаңа жылдың өзінде Шымкенттегі перзентханаларда 27 ұл, 12 қыз бала туылды.

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкентте жаңа жыл түні дүниеге келген нәрестелердің дені – ұл балалар. Әсіресе, қаладағы басты перинаталдық орталықта туған нәрестелер саны басым. Жуырда үшемді дүниеге әкелген жас ана да жаңа жылды перзентханада қарсы алған. Қазір шала туған сәбилер дәрігерлердің басты бақылауында.

 

Сергей Новик – Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары

 

Өткен ит жылының соңғы күні мен доңыз жылы кірген түні 13 нәресте дүние есігін ашты. Оның 8 – ұл бала, бесеуі – қыз. Қазір сәбилер анасымен бірге, жағдайлары жақсы. Қуаныштысы, біздің перинаталдық орталықта оқыс оқиғалар мен келеңсіз жайттар болған жоқ.

 

Шымкенттің ел демографиясының дамуы жолында үлкен үлес қосып отыр. Мәселен, шаһарда өткен жылдың 11 айында 24 378 нәресте дүниеге келген. Оның 180-ке жуығы егіз, 4 үшем. Шымкентте 1 қаңтар күні 60 нәресте дүние есігін ашты. Айта кетейік, жаңа жылдың алғашқы  күні Шымкентте 60 нәресте туылды. Сәбилердің 35-і - ұл және 25-і - қыз бала екені белгілі болды.

М.ӘСЕМБЕК                                                                                           

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...