ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

19:48, 23 қыркүйек 2020

Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жанжал соңы пышақ жарақатымен аяқталған. Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» акциясы аясында рейдтік шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде тәртіп бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды.

Шымкент қаласындағы Әл фараби аудандық ішкі істер бөліміне қаладағы май ауыстыру бекеттердің бірінің маңында белгісіз азаматтың  дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жанжалдың  жұмысшы мен жұмыс беруші арасында туындағанын анықтаған. 

Нәтижесінде бірі екіншісіне пышақ салған. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып қамауға алынған.ҚАУІПСІЗ ҚАЛА ІШ-ШАРАСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Шымкенттік полицейлер «Қауіпсіз қала» рейдтік іс-шарасын жүргізді.  Нәтижесінде тәртіп бұзған жүргізушілерге хаттама толтырылып, ескерту жасалды. Жалпы жыл басынан бері Шымкент қаласында көлік құралын масаң күйде басқарудың 182 жайты анықталған.тәртіп сақшылары жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына оқырман тарапынан жолдаған кезекті мәселелер назарға алынып, шешімін тапты. Яғни ғаламтор қолданушысы Мәделі-Қожа көшесінің бойында орналасқан жаяу жүргіншілер жолына автокөлік жүргізушілері өздерінің автокөліктерін қойып қоятынын және осы заң бұзушылықты бақылауға алу туралы сауалын жолдаған болатын. Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары  тексеру жүргізіп бірқатар тәртіпбұзушыларды анықтады. Нәтижесінде Mercedes-benz автокөлігінің жүргіушісіне  хаттама толтырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...