ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Жарымжан жандарға жасалған жақсылық

16:42, 12 қазан 2017

Теріскейде мүмкіндігі шектеулі жандарға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Игілікті іске «ҚазАтом» өнеркәсіпке қарасты «Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұрындық болды. Іргелі кәсіпорын Қаратау ауылдық округінде тұратын 25 жарымжан жанға қаржылай және заттай сыйлық жасады.

       Созақ ауданы әкімшілігімен  мен  «ҚазАтом» өнеркәсіпке қарасты «Қаратау» ЖШС-і «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік» бағдарламасы аясында арнайы мемарандумға отырған. Аталған кәсіпорынның көмегін ауыл халқы айқын сезініп келеді.  Жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға демеушілік танытуда.

ТЫНЫМКҮЛ БАЙКЕНЖИЕВА – ҚАРАТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

  • Қаратау ЖШС-не үлкен алғыс білдіреміз. Қарттар күнінде Түркістан қаласына саяхат жасадық. Ол кезде де сыйлық жасады. Бүгін тағы құрметін көрсетіп жатыр рахмет.

ОРАЗХАН ЕРМАХАНОВ - ҚАРАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

  • ҚазАтом» өнеркәсіпке қарасты «Қаратау» ЖШС-і тағы бір игілікті іске ұйытқы болды.  Он мың теңгеден сый-сыйапат жасады.

       Қаратау ауыл округінде 3000-ға жуық халық тұрады. Оның 59-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бүгінгі көмек 1-ші және 2 –ші топтағы жарымжан жандарға көрсетілді.

МҰХТАР БАБАХАНОВ – «ҚАРАТАУ» ЖШС-НІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ

  • ҚазАтом» өнеркәсіпке қарасты «Қаратау» ЖШС-і әр мерекелерде Қаратау халқын назардан тыс қалдырмаймыз. Мейрам сайын сый-сыйапаттармен қамтамасыз етіп  әлеуметтік көмек көрсетеміз. Бүгінде міне 25 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсеттік. Ешқашан ауырмасын деген тілек білдіреміз. 

       Қайырымдылық – адами құндылық. Әлеуметтік жобаларға көп қолдау көрсетіп жүрген компания алдағы уақытта Ақсүмбе ауылының тұрғындары үшін   ұялы байланыс желісін іске қосуды жоспарлап отыр.

Жандар Бекбергенұлы

Тақырып бойынша материалдар

Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
17:27, 16 желтоқсан 2017
Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
Толығырақ...
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
17:26, 16 желтоқсан 2017
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
Толығырақ...
Саябақ ашылып, мөлтекаудан  бой тіктеді
17:23, 16 желтоқсан 2017
Саябақ ашылып, мөлтекаудан бой тіктеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...