ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН МҮМКІНДІК КӨП

11:45, 13 тамыз 2019

Бүгінде бизнеске бет бұрған жастар жетерлік. Төлеби ауданының жастары да бұл салада белсенділік танытуда. Бірі мал шаруашылығымен айналысуды жоспарласа, енді бірі наубайхана цехын ашқысы келеді.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көп. Әсіресе, жас бизнесмендер үшін мүмкіндік зор. Арман, Мақсат... бұл кәсіп бастағысы келетін азаматтың ұстанымы. Мақсаты айқын адамның арманы әлбетте орындалады,-дейді мамандар. Сондықтан жастарға алдымен жоспар түзіп, соның негізінде еңбек ету жайы жіті түсіндірілді. Игі жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында жұмыссыздықты жою. Тиімді деген жобаларды қолдау.

МАРЖАН МҰСАЕВА- ЖАС КӘСІПКЕР,   ЖОБАНЫҢ  ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Біздің бірінші бүгінгі мақсатымыз жас кәсіпкерлеріміздің өз өнімдерін нарыққа шығару. Екінші мақсатымыз яғни мемлекет тарапынан 200МРП беріліп жатқан гранттарға өз кәсібін ашу үшін бөлініп жатыр. 

ҰЛДАНА БАЙНИЯЗОВА-ТІЛШІ

БИЫЛ  2019Ж – ЖАСТАР ЖЫЛЫ. СОҒАН ОРАЙ Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы кәсібін ашып табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алған. Біз дәл қазір Төлеби ауданындағы жас кәсіпкерлер ұйымдастырған челенджге куә болып тұрмыз.

НҰРЖІГІТ  ТАСБОЛАТ- ЖАС КӘСІПКЕР

Бүгінгі челендж ҚР аумағында жас кәсіпкер бағдарламасы бойынша болып жатыр. Сол кезек бізгеде келіп жетті. Челлендж мақсатында біз өзімізге креативті ерекшелігімізді енгізіп жатырмыз.

 Аймақта орта және шағын кәсіпкерлік жақсы дамып келеді.  Ауданда 204 жас кәсіпкер бар. Оның  басым көпшілігі  18-29 жас аралығындағы азаматтар. Ал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде 44 жас бизнес тренингке қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.  Аталған іскерлік алаң өз жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан бизнес бастап, өз ісін ашамын деуші жастарға мүмкіндіктер мол.

Ұ:Байниязова      

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 1465 АДАМ КӨШІП БАРҒАН
19:26, 29 қыркүйек 2020
БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 1465 АДАМ КӨШІП БАРҒАН
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
17:52, 29 қыркүйек 2020
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...