ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АЛАР ОРНЫ БАР

17:29, 14 ақпан 2019

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 30 жыл. Ауған соғысының ардагерлерін ардақтау шарасы барлық мекемелерде жалғасуда. Мардан Сапарбаев институтының ұжымы да құптарлық істен қалыс қалмады.

 Ауған ардагерлерін кейбір тарихшылар «Мағынасыз соғыстың солдаттары», -деп жатады. Алайда, солақай саясаттың құрбаны болып, ортақ отан үшін белуардан қан кешкен жандардың ерлігін санадан шығаруға болмайды. Рухы биік жандар қазіргі уақытта да егеменді еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосуда. Әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде ауған ардагерлері алдыңғы қатарда.  

 Қыдырәлі Райымбердиев – Ауған соғысының ардагері

Отыз жыл ішінде өз борышын адал атқарған жерлестерімі, достарымыз осы күнде еліміздің аяққа тұруына өздерінің үлестерін қосып жатыр. Біздің ауған еліне қызмет қылған азаматтарымыз келешекте жастарымызды тәрбиелекде өз күштерін аямайды, тәрбие береді деп сенемін.

 Он жылға жалғасқан жат жердегі соғыста мыңға жуық жас солдат  мәңгілік мүгедекке айналды. Жиын барысында майдандағы сарбаздардың ата- анасына деген сағыныш сәтін студенттер қойылымда сомдады. Осылай ардагерлердің даңқын аспандатты, көрермендердің жанарына жас парлатты.

Бұл күнде көзі тірі майдан куәгерлерінің өскелең ұрпаққа берері мол. Олардың көзсіз ерлігі жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіреді.

Нұрлан Алдабергенов – М.Сапарбаев институты Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі

Рухани жаңғыруға байланысты баларға студенттерге патриоттық сезімді ояту үшін міне осындай үлкен іс-шара жүргізіп жатырмыз, институт бойынша.

 Мардан Сапарбаев институты  әскери кафедрасы бар бірегей білім ордасы. Арнайы бөлімде жылына 500-ден астам студент алғашқы әскери дайындықтан өтеді.

А. Ізтай 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...