ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«ЖАСА, ЖАЙНА, АЛАШЫМНЫҢ АРЫСЫ»

17:55, 9 қазан 2019

«Жаса, жайна, Алашымның Арысы!» Дәл осындай атаумен теміржолшылар қаласында эстрада жұлдыздары концерт берді. Онда Арыста туып өскен өнер майталмандары көпшілікке жырдан шашау шашты. Туған жерімен қауышқан өнерпаздар жергілікті тұрғындардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Арыс қаласында қайнаған құрылыс аяқталды. Қоныстарына кірген қауымның қуанышына ортақтасуға эстраданың жұлдыздары арнайы келді. Концертті ұйымдастыруға осы қалада туып өскен өнерпаздар ұйытқы болды.  

Ербол Байырбеков – ұйымдастырушы

Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – еңсесі түскен халықтың көңілін көтеру. Өнер жұлдыздарына хабарласып, осы ұсынысты білдіргенде бәрі қуана келісті.

ҚР Еңбек сіңірген әртістер Нұржамал Үсенбаева, Ақжол Мейірбеков сынды аға буын бастаған топ орталық алаңда өнер көрсетті. Айтыскер ақын Карима Оралова жырдан шашу шашты.  Туған жерінің тұрғындарына шаттық сыйлауға келгендер қатарында  Ләззат Байырбекова, Нұрлан Еспанов, Ақерке Арыс, Бейбарыс Серікбаев бар.  Кеште Жанболат пен Жазира, Мақсат-Меруерт жұптары да елдің ыстық ықыласына бөленді.

Нұржамал Үсенбаева - ҚР Халық әртісі

Сол бір қиын жағдайдан кейін халықты аман-сау көріп отырғаныма өте қуаныштымын. Енді ондай жағдай қайталанбаса екен деймін. Арыс өсе берсін, жайнай берсін!

Арысқа келіп, алаңда ән шырқап, халықты қуанышқа бөлеуге ниетті әртістер өте көп. Алда басқа да эстрада жұлдыздары елдің еңсесін тіктеу мақсатында концерт ұйымдастырмақ.

Ақжол Мейірбеков – ҚР еңбек сіңірген әртісі

Көп әншілер Арысқа барып концерт берейік деп ниет білдірген болатын. Мен ол кезде: Қоя тұрыңдар, үйлерін жөндеп алсын, өз өздеріне келсін, балалары мектепке барсын. Концерт көру үшін де көңілдері орнында болуы керек қой,-деген едім.

Өнер жұлдыздары ұстаздарына да ұмытпапты. Білім саласында 40 жыл қызмет еткен зейнеткер Тұрсынай Мұхаева жұлдыздарға дәріс берген екен. Тұрсынай әжей салтантты шараны ұйымдастырушыларға дән ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Тұрсынай Мұхаева – Арыс қаласының тұрғыны

Осы концертті ұйымдастырғандарға, мына әншілерге көп рақмет. Көңіліміз шат-шадыман болды. Бала-шағаларыңның рахатын көріңдер, айналайындар. Елімізде тек жақсылық болсын!

Арыстықтарды қолдауға арналған концерттік кеш осылайша қала тұрғындары мен жастарға ерекше көңіл күй сыйлады. Бұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.

Перизат Ортай                                                  

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...