ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЖАСТАР 4 ТІЛДІ МЕҢГЕРЕДІ

16:12, 7 қазан 2019

Түркістандық жастар 4 тілді еркін меңгеруге мүмкіндік алды. Оларға Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанына ашылған «HumbleFox» орталығы көмектеседі. Жастарға жоғарғы оқу орнының тілді жетік меңгерген студенттері сабақ береді.

Университет жанынан ашылған «HumbleFox» орталығы бүгінде талай жастың арманына қанат бітірген. Себебі мұнда түрік, орыс, ағылшын, қытай тілін терең меңгеруге мүмкіндік бар. Келушілерге студенттерден жасақталған ең білімді оқытушылар сабақ береді.  

Зебо Таджиметова - «HumbleFox» студенті 

Аударма! Мен ILTS тапсыру мақсатында осында оқып жүрмін. Бұл орталықтың басты ерекшелігі  өзіммен қатарлас студенттер сабақ береді.  Мен мұнда тіл үйреніп қана қоймай, оқытушылармен  тәжірибе де алмаса аламын. Себебі, ойымыз бір жерден шығып, түсінісе аламыз. Алдағы уақытта ағылшынды жоғары дәрежеде оқып, шет елде білім алуды қалаймын.

Айгерім Жүрсін - «HumbleFox» cтуденті

Қазір ағылшын тілін тілін үйренбей адам өмір сүру қиын деп ойлаймын. Әрбір адамға ағылшын тілі керек. Себебі біз осы ағылшын тілін білу арқылы көптеген мақсатттарға жете аламыз. Және де біз ағылшын тілін біле отырып, біздің болашағымыз жарқын деп айта аламын. Және де мен осы ағылшын тілін үйрену себебім - менің алдағы өмірім жақсы болуы үшін. Шет елге шықсам, басқа елдермен тіл табысу үшін маған керек болады.

Тіл үйрету  орталығына  Диас Берікбаев жетекшілік етеді. Ол  аталмыш білім ұясының түлегі.  Мамандығы - Халықаралық қатынастар. Диас 6 тілді жетік меңгерген. Польшада  білімін жетілдіріп, 20-ға жуық мемлекетті аралаған.  «Work and Travel» бағдарламасымен Америкада тәжірибе жинап, енді рухани шаһардың дамуына үлес қосуда.  

Диас Берікбаев - Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі

Жалпы тіл үйрету орталығын арнайы Түркістандық студенттер, түркістандық жастар үшін ашқан едік. Себебі, біз студент  болған кезімізде бізге тура жол көрсетер ешкім болмаған. Шетелге шығу бағдарламалары жайында біз тек қана ғаламтордан немесе бір басқа бір университеттің түлектерінен біле алатын едік.Біз бұл  Humblefox тіл үйрету орталығында ағылшын,түрік, орыс, қытай тілдері бойынша тереңдетілген оқу курстарын жүргіземіз.

Бұдан бөлек, «HumbleFox» өзге елдерге саяхат жасауды әдетке айналдырған. Аз уақыттың ішінде 6 тур ұйымдастырып,  түркістандық жастармен шет елдің ең керемет қалаларын аралаған.  Орталық алдағы қараша айында аспан асты елі Қытайға аттануды жоспарлап отыр.  

М.ӘСЕМБЕК    


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...