ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ЖАСТАР «АДАЛ ЖОЛДЫ» ТАҢДАЙДЫ

11:38, 14 тамыз 2019

Шарадаралық жастар «Адал жолды таңдаймыз» марафонына қатысты. Шара халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қолға алынған. Эстафетаға қатысқан барша жастар белсенділік танытты.

«Адал жолды таңдаймыз». Бұл – жастардың ұраны. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген Адалұрпақ- Мәңгілік елдің кепілі. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі мен болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індеті мен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.

Қайрат Жолдыбай – Шардара ауданының әкімі

Таңғы тоғызда бастау алған шараға мемлекттік ұйымдар мен ауданның белсенді жастары, өнер майталмандары және де төрткүл дүниеге еліміздің атын асқақтатып жүрген спортшылар мен жансыз дүниеге жан бітіретін суретшілер белсене атсалысты. Сондай-ақ теңіз бетімен «Адал жолды таңдаймыз»жастар марафон эстафетасының туымен альбомын ел үмітін арқалап жүрген спорт саңлақтары Мақтарал ауданынан келген қонақтарға табыс етті.

Бейсенбай Төребеков – Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары

 Еліміздің болашағы – тәрбиелі ұрпақ қолында. Ал тәрбиелі ұрпақ ұрпақ қалыптастырудың бірден-бір жолы жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, адалдыққа тәрбиелеу.

Сапарғали ЖантөреевСыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы

Шара соңында өңірлік марафонға белсенді атсалысқандар алғыс хаттармен марапатталды. Айта кету керек, эстафета қағидатындағы марафон жыл соңына дейін жалғасатын болады.

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 1465 АДАМ КӨШІП БАРҒАН
19:26, 29 қыркүйек 2020
БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 1465 АДАМ КӨШІП БАРҒАН
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
17:52, 29 қыркүйек 2020
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...