ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ЖАСТАР «НҰР-СҰЛТАН» АТАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

16:55, 26 наурыз 2019

Бүгін Түркістандағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Астана атауын өзгерту мәселесін қолдауға байланысты арнайы акция өтті. Онда жастар Елбасы жолына үңіліп, аға буын еліміздің Тұңғыш Президентінің ел үшін еткен еңбегін еске алды. Ал, шара соңында жастар Елорда атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге байланысты ұсынысқа қолдау білдірді.

Астананың бас архитекторы басқа емес Елбасының өзі. Сондықтан Елорда Елбасының төл туындысы. Ондағы әрбір ғимараттың салынуымен әрбір көшенің түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Сондықтан, бас қаланың атауын Елбасы есімімен байланыстыру оң шешім. Екіншіден қазақстанды әлемге танытқан тұлғаға зор құрмет дейді жастар.

Айкерім Мұрат – Қ .А. Яссауи атындағы ХҚТУ студенті

Елбасы біздің ел үшін өте көп еңбек еткен тұлға. Өйткені, Елбасының арқасында Қазақстан дамыды. Еңселі Елордасын салды. Сол үшін Біз студент жастар Астана атауын Нұр Сұлтан деп ауыстыру бастамасын қолдаймыз. Оны Елбасына көрсетілген құрмет деп санаймыз..

Ал, бірнеше жыл Елбасының қасында еңбек еткен Болатбек Әбдірасылов болса Елорда үшін Елбасының еткен еңбегі өлшеусіз деп санайды. Өйткені, Астана салынып жатқанда Тұңғыш Президент талмай еңбек етіпті. Тіпті кей күндерін құрылыс басында өткізген көрінеді. Сондықтан Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп ауыстыру бастамасы сол еңбектің өтеуі болады ден санайды ол.

 Болатбек Әбдірасылов - Қ .А. Яссауи атындағы ХҚТУ ректоры

Мен өзім Елбасының қасында 3-4 жылдай бір жұмыс істедік. Сол кезде мен көрдім Астана үшін Елбасының қандай еңбек еткенін. Міне сондай еңбектің арқасында біздің Астанамыз керемет қалаға айналды.

Мың рет естігеннен бір рет көрген артық. Шара кезінде жастар Астананың салынуы жайлы арнайы бейне роликті тамашалады. Онда Арқа төсіндегі ару қаланың іргетасы қаланғаннан қазіргі сәтке дейінгі жағдайы және ондағы өткен келелі жиындар қамтылған. Ал, акция соңында бас қала атауының өзгеруін жастар бір ауыздан қолдайтындықтарын аңғартты.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...