ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

17:17, 15 сәуір 2019

ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітті. Осы бастамаға орай Шымкент жоғары педагогикалық колледжі жастарға зор мүмкіндік жасады. Студенттердің жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру үшін «Жастар орталығын» ашты.

Жастардың ғылым-білімге құштар болып, білім көкжиегінде қарышты самғауына орталықтың қосар үлесі зор болмақ.  Ендігі үміт оқу орнының студенттеріне жүктеледі. Өйткені, жаңа технологиялар қарқын алған шақта.. жан-жақтылық бесекеге жауап береді. Мүмкіндікті текке өткізбей, білікті кадр болу жастардың өз қолында.

Бекайдар Тойлыбаев– педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор

Бүгінгі Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде «Жастар орталығының» ашылуы қуантарлық нәрсе. Өйткені бұл колледжінде мамандық алып қоймай рухани дамуында көз-қарас қалыптастырып, болашақта елімізде қызмет етуде көптеген жастар бірігіп жұмыс істейтін жер деп ойлаймын. 

 ШЫмкент Жоғары педагогикалық колледжі 2004-ші жылдан бері маман даярлайды. Мұнда тәжірибе алмасу үшін шетелдің таңдаулы оқу орындарымен байланыс мықты. Жұмыс берушілермен де келісімшарт бекіген. Техникалық және гуманитарлық бағытта тәлім алған студенттердің жұмыс іздеп, қиналуына негіз жоқ. Колледжде бүгінде 2 мыңға жуық студент бар.

Ифтихар Юнусов - Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің президенті

Жастар орталығының ашу себебіміз, жастардың көп уақыты осы жерде ғылыммен айналысу үшін, қосымша жұмыстар жүргізу үшін осы жерден жастар орталығын ашып беріп отырмыз. Елімізді көтеру мақсатында ұстаздарымыз тәрбие беріп, ғылыми жетекшілік жасап тұрса колледж көптеген жетістіктерге жетеді.

Жастарға жасалған жағдай - болашаққа деген басты капитал. Жиын соңында құрметті қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, колледждің үздік жас зерттеушілері марапатталды.

Елдар Дүйсенұлы                                                                                         

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар