ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

«ЖАСТАР» СТАДИОНЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

14:07, 16 қазан 2020

Табиғатымен ерекшелінген Төлеби ауданында «Жастар» стадионы күрделі жөндеуден өтіп халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бұл спорттық нысан 1961 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Тақырыпты тілші жалғастырады.


Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында бастау алған. Жоба құны 128 млн.тенгені құрайды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарына жұмысшылардың 50 пайызы  жергілікті жерден тартылды. Өндірістік жұмыс кестесі бойынша біршама іс атқарылды. Қазіргі таңда жоспар бойынша көрермен орындықтары, трибуна, жүгіру жолы, турник пен брусьялар орнатылды. Сонымен қатар, алаң аумағы қоршалып, толық жарықтандыру жұмыстары жасалды.
Мадияр Құрбаналиев- Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
«Жастар» стадионында 22 қызметкер бар, оның ішінде 12 жаттықтырушы жастарды спортқа баулу мақсатында аянбай тер төгуде. Сондай ақ 32 топ құралып, онда 502 бала спортпен шұғылданады. Қазіргі таңда карантинның салдарынан ашық алаңшада ара қашықтықты сақтай отырып  аз ғана тәлімгерлер дене шынықтыруда. Ал,  келіп арнайы жолақта жүгіріп жаттығу жасаймын деген кез келген Ленгір қаласының тұрғындарына стадионның есігі кешкі сағат 21.00 ге дейін ашық.
 Елдар Юнусов - жаттықтырушы
Жүгіру жолы мен спорт алаңшасына асфальт төселді. Футбол алаңының
ұзындығы 103 м, ені 65 м кеңейтіліп, стандартқа сәйкестендірілді және суармалы су құбырлары жасалды. Ал жүгіру жолағы 350 км құрайды.Алдағы уақытта жүгіру жолы арнайы төсенішпен жабылады.
Байзахова Арайлым                                       
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...