ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

«ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» ФОРУМЫ

11:29, 15 наурыз 2019

Елімізде жарияланған жастар жылы түрлі шаралармен жалғасуда. Түлкібас ауданында өңірлік «Жастар жалыны» атты жастар форумы өтті. Онда Түлкібас жастары өздері жасаған бұйымдарын көрмеге қойды. Сонымен қатар алқалы жиында жастар өздерін толғандырған мәселелер жөнінде пікірлерімен бөлісті.

 Форумға өз белсенділігімен көзге түскен  360 жас қатысты. Олардың дені өнертапқыштық бағытты дамытуға ден қойғандар. Шара барысында жастар   қолдарынан жасалған робототехника көрмесі ұйымдастырылды.

Жанат Жырымбаева- ағылшын және түрік  тілі мұғалімі

Good day let me, сәлеметсіздерме бәріміз білетіндей ағылшын тілі халықаралық тіл. Елбасымыз айтқандай біз үш тілді білу міндеттымыз. Ағылшын тілін бәріміз оқуымыз қажет.

 Форумда аудан белсенділері сөз сойлеп, өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Жастар аудан әкіміне өз ұсыныстарын жолдады. Бүгінде  ауданда еріктілер қозғалысын дамытудың жол картасы әзірленуде.

Ислам Жолбасхан- «Жасыл ел жастар еңбек жасақтары» Түлкібас ауданының штабының жетекшісі

Біріншіден барша еліміздің жалындаған жастарын жастар жылымен құтықтаймыз.Біздің ауданымызда еріктілер қозғалысы Түлкібас ауданында жаңадан құрылған. Бұл жол картада Түлкібас ауданының жастарына үлкен мүмкіндіктер бар. Бізде осы ауданымыздың жастарының мақсаттары, жобалары, жоспарлары өте көп жастар жылы болсын басқада мақсаттарды орындап көркеюіне үлкен үлесімізді қосатын боламыз.

Түлкібастық  жастардың өз қабілеттерін танытуы үшін берілген бірегей мүмкіндіктерге дән риза. Заман шарттарына және қарқынды өзгеріп жатқан әлем талаптарына сай келу үшін  сапалы білім алу маңызды. Себебі бүгінгі заман –бәсекенің заманы.

Ұ.Байниязова                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
16:28, 23 тамыз 2019
СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар