ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ТІКЕЛЕЙ ТЕЛЕКӨПІР

18:01, 12 ақпан 2019

Түркістан облысында 500 мыңдай жас болса соның 9 мыңы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетте оқиды. Бүгін аталған оқу орны жастар жылына орай түркі дүниесі жастарының басын біріктіретін тікелей телекөпір ұйымдастырды.Елбасының бастамасымен қолға алынған жылда атқарылатын істер талқыланған телекөпірге Түркиядағы қазақ студенттері білім алатын екі университет қосылды.

Жастар жылына арналған салтанаты шара шымылдығы қос мемлекеттің әнұраны шырқалғасын түрілді. Әуелі іргелі оқу орнының басшылық құрамы баяндама жасап қазақ жастарын құттықтады.

Жастар жылына орай мемлекет,өңір қала берді әрбір жоғары оқу орыны өзінде білім алатын жастарға барынша қолдау көрсетуі тиіс. Осыған орай Халықаралық Қазақ-Түрік университеті  биыл студенттерін қолдау үшін біршама жұмысты қолға алыпты. Атап айтқанда, шәкірттері тамақтанатын асхананың бағасын 40 пайызға арзандатқан. Одан бөлек, студенттермен жұмыс жүргізетін клубтардыңсанын көбейтіп ол бағытқа бөлінетін қаржыны 3 есеге арттырыпты.

Болатбек Әбдірәсілов – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры

Жастар жылына орай көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктер тек жергілікті жастарды ғана қамтумен шектелмейді. Өйткені, мемлекет тарапынан берілетін қолдауға әрбір қазақстандық жас кез-келген жерде ие бола алады. Оған осындағы оқу орындарымен өзгеде ұйымдар ат салысады. Мәселен, қазір Түркияда 2000-нан астам қазақстандық жас білім алып жүр. Олардың басым бөлігі 86 мың студенті бар Мәрмәра университетінде білім алса тағы біразы ГАЗИ оқу ордасында оқиды. Телекөпір кезінде  екі оқу ордасы да тікелей байланысқа шығып, өздері тарапынан атқарылып жатқан істермен таныстырды.

Сондай-ақ, тікелей телекөпірге облыстық жастар орталығының басшысы да қатысты. Ол биыл Түркістанда жастар үшін қандай жағымды жаңалықтардың орын алатынын жеткізді.

 Жастар жылына арналған тікелей телекөпір соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...