Жастарды жұмыспен қамту ісі жүйелі

«Қолына дипломын алып, бір-бір мамандықтың иесі атанған жастар міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс». Арыс қалалық жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлік палатасы мамандары бас қосқан жиында осы мәселе кеңінен талқыланды.

12:48, 15 шілде 2017   138

Облысымызда жас мамандарды жұмысқа тартуға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асуда. Солардың бірі - жастардың  алты ай ішінде іс-тәжірибеден өтуіне арналған «Жастар практикасы». Аталған жоба бойынша Арыс қаласының 70 пайыз жастары еңбекпен қамтылған.

Маханбет Төлебеков – Арыс қалалық кәсіпкерлік палатасының директоры

Жұмыс істеймін деген азаматқа әп уақытта дайынбыз. Қазір жас жігіт болсын, қыз болсын жұмыстың көзін таба біледі. Бірақ докуметтер бойынша кедеогілер көп, мына кадастыр бойынша, жер бойынша.  Оны біз қазір мемлекеттік мекемеоермен жұмас жасап, болдырмауға тырысудамыз

Қазір қолына диплом алған жас түлек ауылға барып, еңбек еткісі келмейді. Қалада жүріп, табыс табуға талапты. Соның салдарынан ауыл емханаларында дәрігер, мектептерде мұғалім тапшы. Әйтпесе, ауылда кәсіп ашып, көкжиегін кеңейтемін дегендерге мүмкіндік жоқ емес.

Ғалымбек Айтөреев – Арыс қалалық «Жұмыспен қамту» орталғының бөлім басшысы

қазіп жастар құрылыста жұмыс істегісі келмейді. Бізден құрылыс фермалары келіп жұсшылар сурайды. Олар мына жақта 3 мектеп соғып жатыр, соған жастарды тартуға болады. Барлық жастарға жұмыс жасауға мүмкіндік бар

Жастар мәселесі «Нұр Отан» партиясының жіті бақылауында. Олардың бос уақытын тиімді пайдалану арқылы өңірде қылмыс санын едәуір азайтуға болады,-дейді мамандар. Жастарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту және спортқа баулу ісі жүйелі жүргізілетін болса, келешегіміз кемел болары анық. 

САТТАР Есімбеков

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07