ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

17:20, 9 шілде 2019

2018 жылдан бастап Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет мектебі жұмысын бастады. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Төрағасының Кешенді жоспарына сәйкес басталған. Орталық мемлекеттік қызметке тұрғысы келетін жастарға дұрыс жол сілтейді. Қазір бұл мектеп жұмысы жақсы нәтиже көрсетуде.

Шымкент қаласындағы департамент басшылығы   талантты жастарды мемлекеттік қызметке орналастыру  жобасын  басты назарда ұстап отыр. Бүгінде ҚР  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 56 мемлекеттік қызмет органымен бірлесіп жұмыс істеуде.

Алмас Нұрғали – Мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы

-Мемлекеттік қызмет мектебін біз 2018 жылдан бастап жүзеге асыра бастадық.  Бұл жобаның басты мақсаты жас таланттарды шақыру. Мемлекеттік қызметте болып жатқан реформаларды таныстыру. Жаңа жобаларды жүзеге асыру. Жаңа қызметке талантты жастарды шақыру.

 «Мемлекеттік қызмет мектебі» жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Мұнда білім алу үшін талапкер арнайы іріктеуден өтуі қажет. Мектепке қаламыздағы барлық жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері қатыса алады. Қанағат Маратұлы- осы мектептің түлегі. Бүгінде мемлекеттік қызметке орналасты.

 Қанағат Қоңырат  – ҚР Ұлттық экономика минситрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы    

-Мемлекеттік істер департаментінде мемлекеттік қызмет мектебі ашылып жатқаны туралы естіп, осы жерге келіп құжат тапсырып, 300 адамдай тапсырып, 100 адам іріктеліп, тест тапсырып тесттен өттік.

 – Департамент қызметкерлеріне алғыс айтамын. Жастарға осындай мүмкіндік беріп жатқанына, Осындай мектеп ашып, білімдерін үйретіп жатқанына.

Мектеп жас көшбасшыларды оқыту, тәжірибеден өткізу арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді. Жас маманға көрсетілген бұл қолдаудың маңызы зор. 

А. Мәулен                                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...