ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАСТАРҒА БИЗНЕС ТЕТІКТЕРІ ҮЙРЕТІЛУДЕ

12:16, 16 сәуір 2019

Жастар жылына орай, белсенді толқынды бизнеске бейімдеу ісі қарқын алуда. Шымкент қаласындағы түрлі этно-мәдени бірлестік мүшелері кейінгі буынға кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретуде. Елімізде қолға алынған реформалардың тиімділігін пайдалана отырып, кәсіпкерлікке несие алу, істі оңтайлы жүргізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

 Көпұлтты еліміз азаматтардың жынысы мен ұлтына қарамай мейлінше көмек көрсетіп келеді. Соның негізгісі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Мемлекеттік демеудің шарапатын көргендердің бірі Тохирбек Ишанбаев. Ет-сүт бағытында кәсіпкерлігі құлаш жайған азамат білген түйгенін жастарға үйретуде.

Тохирбек Ишанбаев – кәсіпкер

Біз мынау көп көмек алдық, сол арқылы етті бағытта кәсіпкерлікпен айналысып отырмыз. Бүгін соны жастарға шамамасыз келгенше үйретіп жатырмыз.

 Бизнес бастау – оңай шаруа емес. Құжат рәсімдеуден бастап, кәсіпкерліктің аяқтын тұрып кетуіне дейін қаншама қиындық болады,-дейді кәсіпкерлер. Сондықтан істі ілгерілетуде ең алдымен сабырлық қажет.

Шухрат Розметов – кәсіпкер

Енді бизнесті бастау оңай емес. Қазақстан бұл іске қолдау білдіріп отыр. Әсіресе, мемлекеттік реформалардың көмегі зор. Дей тұрғанымен істі бастау оңай емес.

Қазір Шымкент қаласының өзінде жүздеген өзге ұлт өкілдері кәсіп бастап, бизнестен нәпақа айырып отыр. Олардың дені мемлекеттік көмектің арқасында аяқтан тұрған. Бүгінгі семинарда солардың 10-ға жуығы білгендерімен бөлісті. Алдағы уақытта дәл осындай семинарлар жиі ұйымдастырылады. Сөйтіп, жастардың бизнесте белсенді болуына жол ашылмақ.

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...