ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАСТАРҒА ДҰРЫС ЖОЛ СІЛТЕГЕН СЕМИНАР

13:03, 16 мамыр 2019

Қазір қандай мамандық таңдаған дұрыс?! Қай саланың құлағын ұстағандар ұтып отыр? Кімдерге жұмыс көп?! Бұл бүгінгі мектеп оқушыларын ең көп мазалайтын сұрақ. Жастар ойындағы осы сауалдарға жауап беру мақсатында білім басқармасы оқушылар үшін Кентауда арнайы семинар ұйымдастырды. Оған ғалымдармен сан саланың мамандары қатысты.

Бұл жерге жиналғандардың ішінде талай биікті бағындырғандар мен әлі дұрыс жолын таба алмағандар да бар. Басқосу кезінде сарапшылар соларды бір біріне үлгі ету арқылы дұрыс жол сілтеуге тырысты. Ал, мамандық таңдау мәселесіне келгенде бүгінде техникалық кадрлерге сұраныс жоғары екені айтылды. Қайды білім алған жөн деген сұраққа мамандар өзіміздің елде де сапалы білім алуға болатынын еске салды.

Үсенбек Рахметулла – педагогика ғылдымдарының кандидаты

Барлық материалдық техникалық база, барлық жағдай жасалған. Әсіресе, оның ішінде мынау инженерия саласын атап айтсақ болады. себебі бізде германияның негізгі оқу жүйесіне сәйкес дуальді оқыту жүйесіне өткен.   

Семинар кезінде оқушылар Кентаудағы бірден бір жоғары оқу орыны саналатын Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік  университетінің тыныс тіршілігімен танысты. Ондағы оқу барысын көріп, мұғалімдердің лексияларын тыңдады.

 Гүлнәр Есенәлиева – оқушы   

Кездесуде біз осы Қ.А Яссауи атындағы университеттің жақсы жақтарымен таныстық. Сонымен қатар бұл оқу орынында тілдерді меңгеруге болатынын білдік. Бұл оқу орны расында шетте оқуға да болады екен. 

Жастарға дұрыс жол сілтеуді көздеген кездесуді алдағы уақытта облыс орталығында да ұйымдастыру жоспарлануда. Ондағы мақсат мектеп оқушыларына дұрыс бағыт көрсету.

М. Жарылқасын 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
17:52, 21 мамыр 2019
САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
13:44, 16 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
11:40, 17 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
Толығырақ...