ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ

11:38, 14 тамыз 2019

Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл 19-шы жыл өз жұмысын жалғастырмақ. Елімізді көгалдандыру мен тазалығын сақтауға, жас ұрпақ бойына патриоттық тәрбие беріп, елдегі жұмыссыздық көлемін азайтуға үлкен үлес қосып келе жатқан жобаға 100-ден астам жас жұмылдырылмақ. Бүгін Қазығұрт ауданында жаңа маусым басталды.

«Жасыл ел» жасағында ауданның көгалдандыру жұмыстарына үлес қосып жүрген жастардың бірі Қозы Қасымхан  да бар. Ол екінші курс студенті.   Жазғы демалысын бос өткізбей жасыл елдік жастармен Қизылқия ауылындағы шаруашылықта  жұмыс істеп жүр. Жазғы демалысын тиімді, көңілді өткізумен қатар, табыс табу да жоспары бар.

Қозы Қасымхан – «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы

Жасыл Ел” бағдарламасы бойынша  жұмысқа тартылатын жастардың саны да жыл санап артуда. Мәселен, биылғы маусымдық жұмысқа 10 студент  жұмысқа келіп өздеріне берілген міндеттерін атқаруда. Биылғы жылы  шаруашылық тарапынан  төленетін еңбекақының көлемі де біршама ұлғайыпты.

Ермек Балтаев   «Меруерт и Е» шаруа қожалығының төрағасы

 Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру. Елдімекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеріп, көркейту. Сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жасты жұмысқа тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.
Д.Нахыпбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:13, 13 тамыз 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ Б...
Толығырақ...