ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

«Жасыл ел» жасақтары іске кірісті

12:44, 15 шілде 2017

Түлкібас ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар қарқын алған. Шіліңгір шілденің аптап ыстығына қарамастан жастар туған елдің тұмса табиғатын көркейту ісін риясыз көңілмен атқаруда. Жаз мезгілінде жұмыс істеуге ниетті 60 азамат табиғаты тамылжыған аймақты түлету үшін тал-дарақ егіп, талмай еңбек етуде.

Осыдан 12 жыл бұрын Президент пәрменімен қабылданған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мыңдаған жас қосымша табыс тауып, түстік өңірді абаттандыруға ат салысты. Соның арқасында қаншама аулаға ажар кіріп, мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылды. Түлкібас жастары да қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосып, еткен еңбегіне сай жалақыларын алуда.

Азамат Имашев – Түлкібас аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы

Қазіргі таңда жамтар саясатының қолдау мақсатында осы елімізде қаншама игі істер өткізіліп жатыр. осының бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Оның негізгі мақсаты-жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, елімізді көгалдандыру  болып жатыр. Ең бастысы, жастарды жұмысқа тарта отырып, жұмыссыздықты тоқтату.

Жастық жалынмен жұмысқа жұмылудың тиімділігі көп. Ислам Жолбасқанов жазғы демалыста жұмыс істеп қана қоймай, түрлі шаралар мен акцияларға да белсене қатысып жүр. Бос уақытта ғаламторға үңілмей, облысымыздың гүлденуіне аз да болса, үлес қосуда. Менің еңбекке деген алғашқы қадамым дәл осы «Жасыл елмен» басталғанына қуаныштымын, – дейді ол.

Ильяс Мамбетов – Түлкібас аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы

Қазіргі таңда бізге осы жаға бағдарламалармен жас өспірімдер 4 күн болды жұмыс жасап жатқанына. Біп жағынан ауданды көркейтуіне үлесі орасаң. Аудан орталықтарын бастады тазартуды, енді басқа округтер үлгі алар, жастарға да жақсы демалудың орнына жұмыс істеп, ақша табады.

Бағдарлама студенттер мен 17 жастан асқан жастарға арналған. Ел жастарының жазғы демалысын тиімді өткізіп, қосымша қаржы табуын қамтамасыз етуде «Жасыл елдің» атқарып отырған маңызы зор.

САТТАР Есімбеков   

Тақырып бойынша материалдар

Шымкенттік прокурорлар халыққа жақындай түсті
21:41, 20 қыркүйек 2017
Шымкенттік прокурорлар халыққа жақындай түсті
Толығырақ...
Жолаушылар тасымалына байланысты мәселені шеше алмаған мамандар басқа әдіске көшті
18:04, 20 қыркүйек 2017
Жолаушылар тасымалына байланысты мәселені шеше алмаған маман...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылды
17:40, 14 қыркүйек 2017
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылд...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...