ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ЖАУЫН-ШАШЫННАН СУ ТАСУЫ ОРЫН АЛДЫ

15:19, 14 мамыр 2020

Табиғаттың тосын қырынан тағы да су тасқыны орын алды. Қатты жауған жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан Шымкент қаласының аумағына секундына 3,5 текше метр су ағып келіп, 60-қа жуық үйдің ауласын су басты. Қазіргі таңда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, Еңбекші ауданы Елтай елді мекенінде 60 тұрғын үйдің ауласы суға толып, 3 шаруашылық құрылысы қирады. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өкілдерімен тұрғындар эвакуацияланып, Маятас тұрғын алабында орналасқан №119 мектептегі №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді. Қалған 150-і өздерінің туыстарының үйіне орналасқан. Құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды.Сонымен қатар, Еңбекші ауданы, Откорм.совхоз Гаухар тас көшесіндежауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің тасуы орын алды. Жағалаудың бұзылуы себебінен 2 тұрғын үйдің қабырғасы құлауы мүмкін еді. ТЖД күштерімен қауіп төніп тұрған  үйлерден 31 тұрғын Бадам-1 елді мекеніндегі №84 орта мектебінің негізінде құрылған эвакуациялық жиналу пунктіне көшірілді.  
М. Жорабай                                                

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...