ШҰҒЫЛ! ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАЯУ ЖАРЫС ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

11:43, 13 тамыз 2019

Түркістанда жастар жылына орай, жалпықалалық жүгіру марафоны өтті. Жарыс жолы Есімхан алаңынан басталып, Жеңіс саябағымен жалғасты. Марафонға қасиетті шаһардың тұрғындарынан бөлек, қала қонақтары да қатысып, белсенділік танытты.

Бүгінгі сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Түркістан қаласында бастау алған жүгіру марафоны тұрғындардың көңілін көтеріп, спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті. 

Шахзанам Әлімбаева - Түркістан қаласының тұрғыны

Бүгінгі жарыс өте қызықты өтті. Бұл жарысқа достарымммен келдім,. Марафонның жиі өтіп тұрғанын қалаймын.

Өмірхан - Жетісай қаласынан арнайы келіпті. Алғашқы бизнесін осы қасиетті қаладан бастап, бүгінде облыс орталығының дамуына өзіндік үлесін қосып жүр. Марафонды әлеуметтік желіден естіп,  әріптестерін ерте келіпті.

 Өмірхан Қасымханұлы - қатысушы

Айта кетейік, қалада жыл басынан бері 120 мыңға жуық адам спортқа тартылып, 150-ден астам жарыс ұйымдастырылған. Жалпы қалалық марафонда қатысушылар бір деммен 2400 метр қашықтықты  жүгіріп өтті. Жарыста мәре сызығын бірінші  кескен Медет Жаныс  жеңімпаз атанып, оның спортқа деген сүйіспеншілігі өзгелерге үлгі болды. Қала әкімдігінің қолдауымен өткен шара елімізге танымал жұлдыздардың өнер кешімен жалғасты. 

М.ӘСЕМБЕК 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар