ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

11:42, 12 маусым 2019

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын мәнді өткізу Шардара ауданында дұрыс жолға қойылған. Қазір «Ақшағала» демалыс орны балаларды қабылдауға сақадай сай. Мұнда балғындар үшін білікті ұстаздар мен тәрбиеші құрам еңбек етеді.

Жаз маусымы басталысымен балалар демалысты естен кетпестей етіп өткізуге асығады. Бұл іске лагерлердің еңбегі орасан. 9 ай мектепте білім алып, түрлі үйірмелерге қатысып жүрген балғындар бұл жерде дем алып, күш жинайды.

Бақыт Жумадиллаева – «Ақшағала» демалыс лагерінің жетекшісі

Қазір демалыс орны баллаардың алғашқы легін қабылдап жатыр. Мұнда балғындар әдеттегідей топ-топқа бөлініп, түрлі сайыстарда бақ сынайды. Бұл өз кэезегінде оқушының білімін жетілдіруге жол ашады.

Нұрғали Әбілтаев – Шардара ауданы білім бөлімінің маманы

Шардарада 18 мыңнан аса мектеп жасындағы бала бар. Оның 7 мыңдайы бастауыш сынып оқушылары. Осы балғындар үшін үш ай бойы лагерлер қызмет ететін болады. Онда негізінен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары демалмақ.

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...