ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Жазушы Мархабат Байғұт керек болса кей дыбыстарды 3 әріппен белгілеу керек деді

20:05, 13 қыркүйек 2017

Жалпы латын әрпіне көшу бастамасы осыдан 5 жыл бұрын басталған. Елбасының биылғы «Рухани жаңғыру» мақаласы жобаға айрықша дем берді. Күні кеше тіпті, еліміздің тілдерді зерттеу институты латын әрпіне көшудің бір нұсқасын ұсынды. Осыған байланысты өңіріміздегі зиялы қауым өкілдері өздерінің пікірлерін білдіруде.

Бұл талқылауға өңір ғалымдарынан өзге түркі әлемі  әдебиет саласының майталмандары да қатысты. Алғаш сөз алған Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов әліпбиді ауыстыру руханиятымыздың тәуелсіздігі екенін атап өтті. Сөйтіп ұсынған жобаға қатысты өзінің байламын айтты. 

Мекемтас Мырзахметов – Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы

  • Қанша дегенмен халыққа  жақын, сөйлеуге ыңғайлы әріптерді алғанымыз жөн. «Ө» альфавиті «Ә» альфавиті қосақталып беріліп отыр. Қосақталған жаман. Жазғанда, тағы басқа жағдайда эконом жасай алмайсың. Осы жағын ескеруіміз керек.

Мархабат Байғұт өзге әріпке ауысу басында шамалы қиындық туатынын айтты. Сондықтан  қиындықтан қорықпай, тіпті, екі әріп тұрмақ, үш әріппен белгіленсе де, қазіргі ұсынған нұсқаны қабылдау керектігін жеткізді. Ал, өзгерістер енгізу керек болса, уақыты келгенде көре жатармыз, - деді.

Мархабат Байғұт- жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

  • Қимай тұрғанымыз да рас кирииллицаны. Бірақ кирииллицаға көшкенде де  біздің қазақ тілі көп сорақылыққа ұшырап, үндестігін жоғалтып алды. Өзіміздегі ерекше әріптерді ӨҚҰҢІӘ дегендерге бар ғой. Тағы да бір әріп табудың орнына дуграф триграф деген бар. Екі таңба үш таңбамен белгілеген жөн. Немістерде 3 әріптен болатын әріптер бар. Одан немістер күйреп, қирап жатқан жоқ.

Құлбек Ергөбек те осы пікірді қолдағандай сыңай танытты. Ең бастысы, жеделдетіп қабылдап алсақ, арғы жағы көш жүре түзеледі,-дегенге саяды. Себебі, рухани жаңғырудың бір бағыты - Кириллицадан латынға өтуде.

Құлбек Ергөбек-филология ғылымдарының докторы

  • Біз кириллицаға көшкенде қырғыздарда «Қ» әріпі болмай қалды. Өзбек «Ө» әріпі жоқ. масқара болды. Әдейі жасалған болуы керек. 02:45 Болды енді осыны қабылдауымыз керек. Елбасы мұны дер кезінде күн тәртібіне көтеріп отыр деп ойлаймын. Реформа жасай беру пәлендей қиын емес. сондықтан қазір көш жүріп бара жатқанда арбаның доңғалағына ағашты тыға бермеуіміз керек.

Ал, өңіріміздің ғалымдары мен оқытушылары, - қосарланған әріптер халықты шатастырып, әліпбиді үйренуге кедергісін келтірмей қоймайды. Сондықтан әлі де болса, терең талдап, әр әріптің өзінің белгісін қою керектігін айтады.

Нариман Нұрпейісов-ОҚМПИ деканы

  • Астананы да көшірдік. Талай қиындықты да бастан кешірдік. Ауып қалған көшімізді түзеуге. Сондықтан латын қарпіне көшу менің ойымша көп қиындық келтірмейді. Ежелеп отырып, оқып кетеміз. Қазір Құдайға шүкір жастардың бәрі сауатты. Әлем елдерінің 80 пайызы осы латын қарпін пайдаланып жатқан кезде 5 млн-ға жуық қандастарымыз жат елде өмір сүріп жатқан кезде қазақ халқына бұл өзгеріс керек.

Жастар атынан сөйлеген мектеп ұстазы, сызықша мен нүктелер арқылы әрбір әріпті белгілеп алған дұрыс,-дейді. Себебі, қазіргі жастар артық әріптер мен артық жазуды мүлдем қаламайды. Ал, ел ертеңі жастар болса, қабылданатан әліпби халық сұранысын өтеуі керек.

Абай Қалшабек-Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы

  • Диграфика деген нәрсе бар. Сол төл әріптің «ӘӨҚ» деген сияқты дыбыстары қос таңбалы белгіленіп отыр. қазір әлеуметтік желідегі әсіресе жастар қос таңбамен белгілеудің дұрыс еместігіне тоқталып отыр. талқылау негізінде осыған мән бірілсе деймін.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы, осындай қызу пікірталастан кейін нақты шешім қабылдауға мүмкіндік туатынын айтты. Асығыстықтың қажеті жоқ. Ал, латын графикасының қандай формада қабылданатыны, жыл соңына дейін халық талқысына түседі.

Жансейіт Түймебаев-облыс әкімі    

  • Біздің облыстың ғалымдары да тілшілері де бұл мәселеге жақсылап кіріскенін қалаймын. Жаңа айтылған пікірлерді одан сайын ғылыми жағынан кішкене жетілдірсе.

Өңір жұртшылығының пікірі осындай болды. Ең бастысы, алғашқы қадам жасалды. Енді қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?  Қоғам елегінде болмақ.

НҰРМАХАН Кенжехан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...